Жаңаөзендегі лицей түлегін ұрып-соғуға қатысты түсініктеме берілді
Жаңаөзендегі лицей басшылығы түлектің соққыға жығылған оқиғасына қатысты пікір білдірді. Тиісті мәлімдеме ұйымның Instagram парақшасында жарияланды деп хабарлайды Orda.kz.
Лицей басшылығының мәліметінше, оқиға 2025 жылдың 17 сәуірінде Жаңаөзен қаласында сабақтан тыс уақытта 11-сынып оқушылары арасында болған.
«Оқиға салдарынан бір мектеп оқушысы медициналық мекемеге жеткізілді, қазіргі уақытта оның жағдайы қанағаттанарлық, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Оқушыға қажетті емдік-профилактикалық іс-шара жүргізіліп, жан-жақты психологиялық қолдау көрсетілді. Оның тезірек сауығып, ортамызға аман-есен оралуын тілейміз» деп атап өтті лицей өкілдері.
Олар әкімшілік пен ата-аналар бірлесіп, тиісті ағарту және алдын алу шараларын қолға алғанын мәлімдеді.
«Оқиғаға қатысы бар оқушылар мектептің ішкі есебіне алынып, олармен жеке жұмыс ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта олар жасаған әрекеттеріне өкініп, бір-бірінен кешірім сұрап, татуласқан», деп хабарлады білім мекемесі.
Құқық қорғау органдары бұл оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Іс білім бөлімінің бақылауында.
«Өкінішке қарай, әлеуметтік желілерде және кейбір БАҚ-та таратылған ақпараттардың көбі шындыққа сәйкес келмейді. Расталмаған ақпарат тергеу процесіне кедергі келтіріп қана қоймай, зардап шеккен тараптың психологиялық жағдайына кері әсерін тигізуі мүмкін», - деді лицейдегілер.
Ұйым тек ресми дереккөздерге сүйеніп, тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырды. Әкімшілік өз кезегінде мұндай жағдайлардың алдын алуға күш салады.
Еске салайық, бұған дейін Жаңаөзенде лицей оқушылары 11-сынып оқушысын соққыға жыққаны белгілі болды. Оқиға жәбірленушінің үйінің жанындағы жеке тұрғын ауданда болған.
Оның үстіне кикілжіңге қызғаныш себеп болған, себебі студент жақында шетелдік университетке грантқа түскен. Оқиға кезінде ұлын жақтаған әкесі де зардап шекті. Мектеп оқушысы түрлі жарақат алған.
Маңғыстау облысының полиция департаменті қақтығысқа қатысушылардың барлығы анықталғанын хабарлады. Кәмелетке толмағандар ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жаңалықтар
- Алматыда есірткі жарнамасы бар QR-код жапсырып жүрген адам ұсталды
- Құрылтай: Сайлауалды науқан басталды, партиялар өңірлерге шықты
- Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енгізілді
- Әділет министрлігі NCOC-тан мәжбүрлеп өндіру шараларын бастады
- Астанадағы нөсерден кейін көшеден 100-ден аса көлік нөмірі табылды
- АҚШ пен Сауд Арабиясы арасындағы ядролық келісім неге дауға айналды?
- АҚШ пен Ұлыбритания Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын қорғау мақсатында халықаралық коалиция құрмақшы
- Өз стадионын Канье Уэстке қалдырып, «Қайрат» Түркістанда ойын көрсетеді
- Өз қарызын жабам деп басқаны қарызға батырған әйел сотталды
- Тамыз айында Қазақстанның бірқатар өңірінде қуаңшылық болады
- Қытай мен Еуроодақ арасында «сауда соғысы» басталды
- Астанадағы әуетакси сынағы: Алғашқы вертипорт қайда салынады?
- «Тек жәбірленушінің жауабымен соттады»: 15 және 25 жылға сотталғандардың туыстары дабыл қақты
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені қайтадан төмендетті — 16,75 %
- АҚШ-тың жаңа кедендік баждары: Қазақстанға қатысы бар ма?
- ІІМ блогерлер мен ақпараттық ресурс иелеріне иелеріне ескерту жасады
- «Алтыналмас» АҚ кен орнында жұмысшы қаза тапты
- ЕО Google компаниясына 890 млн еуро айыппұл салды
- Астанада көкөніс дүкеніне кіріп кеткен көлік 15 жастағы қызды жаралады
- ҚР СІМ серіктес елдерді КҚК-дағы танкерлерге жасалған шабуылдарды айыптауға шақырды