Жаңабыловтар ұтысы төңірегіндегі жанжал: министрлік мәлімдеме жасады
Фото: Бейнеден скриншот
Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі инстаграмда блогерлер Ерболат Жаңабылов пен Эльмира Төлегенова өткізген байқауды тексеру басталғанын хабарлады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінің мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды Orda.kz.
Ерболат Жаңабылов пен Эльмира Төлегенова белгілі қазақстандық блогерлер. Олардың аккаунттарына 8,4 және 7,1 миллион адам жазылыпты. Олардың жарияланымдары үнемі миллиондаған көрермен жинап отырады.
Ойын бизнесі мен лотереяны реттеу комитетіне азаматтардан шағым түсті. Олар акцияның лотереялар туралы заң талаптарына сәйкес келетінін тексеруді сұраған. Ведомство Ерболат Жаңабыловқа түсініктеме беруді талап етіп хабарлама жолдаған. Осыдан кейін әкімшілік іс қозғау-қозғамау туралы шешім қабылданады.
Егер жауап болмаса, комитет мәселені сырттай қарайды. Бұзушылық болған жағдайда блогерлер ӘҚБтК-нің 445-1-бабы бойынша жауапқа тартылуы мүмкін.
Айыппұл көлемі жеке тұлғалар үшін - 100 АЕК (393 200 теңге), шағын бизнес үшін - 300 АЕК (1 179 600 теңге), орта бизнес үшін - 500 АЕК (1 966 000 теңге), ірі бизнес үшін - 1000 АЕК (3 932 000 теңге) болады.
Министрлік еске салып өткендей, заң бойынша лотереяны ресми ұйымдастырушылар мен агенттер ғана ұтыс ойынын өткізіп, билет тарата алады.
«Азаматтардан қырағылық сақтауды және ақшасын жоғалтпау үшін әлеуметтік желілердегі күмәнді ойындар мен ұтыстарға қатыспауды сұраймыз» деп жазылған хабарламада.
Еске салсақ, 19 тамызда блогерлер Instagram-да 11 көлік ойнатылатынын жариялады. Талап өте қарапайым - репост жасау қажет. Бірақ 21 тамызда жазылушыларға арналған тікелей эфир өтудің орнына құны 30 мың теңге болатын Zhana Business деп аталатын ақылы қатысуға сілтеме жасалды. Байқауға курсты сатып алғаннан кейін ғана қатысуға болады деген өзгеріс енгізілді.
Бұл жағдай парақшаға жазылғандардың наразылығын тудырды.
Пайдаланушылар құқық қорғау органдарына бұндай әрекеттің заңдылығын тексеруді сұрап арызданды. Блогерлер осындай ұтыстан салық төлей ме, машиналар ойнатыла ма, ақшаны қайтару, оларға тыйым салуға бола ма, деген сұрақтар туды.
ҚМА тексеру үшін материалдарды басқа мемлекеттік органдарға тапсырды.
Қаржылық мониторинг агенттігі де БАҚ өкілдерінің жазбасынан кейін оларды өз бақылауына алғанын мәлімдеген болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық