Жаңа жылдағы 1 миллион теңге көмек кімге тиесілі
Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы есте қаларлық даталар мен мереке күндеріне ақшалай төлем түріндегі әлеуметтік көмек туралы айтты. Олардың арасында жаңа жыл қарсаңындағы төлемдер де бар.
Мекеме хабарлағандай, жуырда оңтүстік астананың мәслихаты тиісті шешім қабылдапты.
«Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 73 «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттары тізбесін айқындау ережелерін бекіту туралы» шешіміне сәйкес Біржолғы әлеуметтік көмек мереке күндеріне мұқтаж ретінде есепте тұрған көп балалы отбасыларға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жергілікті атқарушы органнан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге тұрғын үй сатып алуға миллион теңге сомасында ақшалай төлем түрінде көрсетіледі» деп хабарлады мекеме.
Бұл көмек мына мереке күндеріне орай беріледі:
• Жаңа жыл – 1-2 қаңтар;
• Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз;
• Наурыз мейрамы – 21-23 наурыз;
• Қазақстан халқының бірлігі мерекесі – 1 мамыр;
• Астана күні – 6 шілде;
• Конституция күні – 30 тамыз;
• Республика күні – 25 қазан;
• Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан.
Сондай-ақ, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы әлеуметтік көмектің бұл түрін көрсетумен Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы айналысатынын да түсіндірді.
Сонымен қатар, мәслихаттың сол шешіміне сәйкес 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілетін мереке күндерінің тізімі кеңейтілді. Оған енді 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстаннан шығару күні кіреді.
«Осы күннен бастап мәртебесі «Ардагерлер туралы» заңның 5-бабында белгіленген басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери іс-қимылдарға қатысқан ардагерлерге 100 мың теңге көлемінде көмек көрсетіледі» делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Еңбек министрлігі 2024 жылы қазақстандықтардың жалақысы екі есеге артатынын ацтқан болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық