Жаңа жыл мерекесіне орай Алматы қаласын безендіруге қанша миллиард кетті?
Алматы мәдениет басқармасы жалпы сомасы 650 миллионға жуық сомаға келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулар сайтында жарияланды. Дәлірек айтқанда мәдениет басқармасы қаланы безендіру мақсатында үш келісімшартқа отырды. Оның біріншісі «Халық Арена», «Нұрлы Тау» бизнес орталығын және Наурызбай ауданы әкімдігін безендіру үшін 159 млн теңге қаржы бөлінген. Аталған жерлерге Шваюн Сергей Олегович жауапты.

Ал екінші келісімшартқа дәл сондай ұсыныспен тек, Абай алаңын жаңа жылдық эстетикалық безендіру үшін қол қойылған. Дәлірек айтқанда орталық алаңға мәдениет басқармасы 220 млн теңге қаржы бөлген. Жауапты тұлға – Бекежанов Қанат Мұратәліұлы.

Үшінші келісімшартта Панфилов көшесі, ALMATY ARENA, Наталья Сац атындағы ЖКТ және Тұңғыш Президент Саябағын әрлеу үшін 262 млн теңге қаржы бөлінген. Ал оған жауапты тұлға – Мирманов Ернат.

Басқарма үш келісімшартқа үш түрлі жеткізушімен келісімге келген:
1-келісімшартқа жауапты компания – «Albero Bello» ЖШС;
2-келісімшартқа жауапты компания – «Антураж KZ» ЖШС;
3-келісімшартқа жауапты компания – «Team Building» ЖШС.



Сондай-ақ басқарма мерекелік іс-шараларды өткізуді ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге бір апта бұрын бөлек келісімшарт жариялады.

Аталмыш келісімшартқа «Алматы қаласы Мәдениет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «ALT Sound+» ЖШС-мен 74 млн теңгеге отырған. Компания басшысы – Гриднев Вадим.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық