Жаңа вице-премьер Бозымбаев Үкімет отырысына неге келмеді?
Фото: Ақорда
Төтенше жағдайлар мен су ресурстарын қадағалауды жүзеге асыратын жаңа вице-премьер Қанат Бозымбаев бүгін үкімет отырысына келмеді.
Мұның себебін министрлер кабинетінің басшысы Олжас Бектенов түсіндірді.
Премьер-министрдің айтуынша, Қанат Бозымбаев су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға кеткен.
«Қазір Қанат Бозымбаев пен Төтенше жағдайлар министрі менің тапсырмам бойынша өңірлерде аралап, су тасқыны жағдайын тұрақтандыру бойынша жергілікті жерлерде жұмыстарды бақылауда»,- деді Бектенов.
Ол өзінің жаңа орынбасары аймақтық саясат, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, төтенше жағдайлар және су ресурстары мәселелерін қадағалайтынын еске салды.
Қанат Бозымбаев 2024 жылдың 31 наурызында премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық