Жаңа ұлттық экономика министрінің алдына қойылған міндеттер
Фото: primeminister.kz
Премьер-Министр Олжас Бектенов Ұлттық экономика министрлігі ұжымына ведомствоның жаңа басшысы Серік Жұманғаринді таныстырды. Бұл туралы үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Олжас Бектенов Нұрлан Байбазаровқа Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі ретінде атқарған жұмыстары үшін алғыс айтып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Серік Жұманғаринді таныстыру барысында Үкімет басшысы ведомствоның алдағы кезеңдегі басым міндеті мемлекет басшысының экономиканың серпінді өсімін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау екенін атап өтті.
Саланың жаңа басшысына экономикадағы құрылымдық өзгерістер, бюджеттік-салық саясатының тиімділігі мен бюджет параметрлерін болжау деңгейін арттыру бойынша жұмысты күшейту тапсырылды.
Сонымен қатар, басым салалардағы экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін Ұлттық экономика министрлігіне бизнесті қолдаудың теңгерімді саясатын және тарифті реттеудің теңгерімді саясатын жүргізу міндеті қойылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық