Жаңа Салық кодексі Тоқаевтың қарауына жіберілді
Фото: Pixabay.com
Жаңа Салық кодексі мен салық салу мәселелері жөніндегі заң жобасы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қол қоюына жолданды, деп хабарлайды Orda.kz.
Мәжіліс депутаттары 23 маусымда қаралған құжат бойынша Сенат ұсынған түзетулерге келісті. Енді Мемлекет басшысы бұл маңызды заң жобасын қолдаған жағдайда, жаңа Салық кодексі 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Депутат Берік Бейсенғалиевтің айтуынша, палата отырысында құжаттың негізгі ережелері өзгеріссіз қалған.
«Тек мерзімдер мен тұжырымдарға қатысты нақтылау мен түзетулер енгізілді. Жалпы саны 160-тан астам өзгеріс ұсынылған», – деді ол.
Сенат енгізген негізгі ұсыныстар:
- Фермерлерге прогрессивті салық жүйесін енгізу;
- Биржалық операциялардан түскен дивидендтерге салықтық жеңілдіктер беру
- Мүгедектігі бар адамдар еңбек ететін кәсіпорындарға жеңілдік қарастыру;
- Кейбір банк және әлеуметтік қызмет түрлерін қосылған құн салығынан босату;
- Ел ішінде сатылатын люкс тауарларға (автокөліктер, яхталар, ұшақтар және т.б.) акциз салығын енгізу.
Айта кетейік, бұған дейін Сенаттың Қаржы және бюджет комитеті кодекс жобасын екі оқылымда мақұлдағанымен, кейбір баптарына келіспей мәжіліске қайтарды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық