Жаңа министр журналистерге кеңес беремін деп, сынға қалды
Фото: Ашық дереккөзден
Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалған Шыңғыс Әрінов үкіметтің баспасөз орталығында журналистер сынына қалды, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Үкіметте журналистер жаңа министрден сауда базарларында не себепті өрт жағдайлары көбейіп кеткенін сұраған болатын. Алайда Әрінов бұндай жағдайды жоққа шығарды.
«Мұның бәрі біздің ашықтыққа бет бұрғанымызды көрсетеді. Біз 24/7 режимде телеграм арналарда төтенше жағдайларға байланысты ақпарат жариялап отырмыз. Біздің баспасөз қызметіміз тәулік бойы дағдарыс орталықтарында кезекшілік етеді. Сіздер қазір шынайы ақпарат көздерінен мәлімет ала аласыздар. Сол себепті телеграм-арналарда, БАҚ-та сондай әсер туындайды. Мен БАҚ-тан ұсақ өрттерді немесе кішігірім жайттарды жариялай бермесеңіздер деп өтінемін. Бүкіл елге оны жариялаудың не қажеті бар?» – деді ол.
Десе де, сұрақ қойған журналист “біздің не жазатынымызды, не жазбайтынымызды сіз айтпай-ақ қойыңыз, оны БАҚ-тың өзі шешеді” деді.
Алайда бұл ескертуге министр “тек кеңес ретінде айттым” деп, ағынан жарылды.
Еске сала кетейік, Семейде Ақ шың сауда орталығы 6 ақпан күні түнгі үштен бастап өртеніп, өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтауға біршама уақыт жұмсаған болатын. ТЖМ кейін сол өрттің ықтимал үш себебін атаған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық