Жамбылда жаппай тәртіпсіздіктен бизнеске келтірілген шығын есебі шығарылды
Тараз қаласында орын алған тәртіпсіздіктер нәтижесінде қала бойынша 30-дан аса кәсіпкерлік нысандары зардап шеккендігі белгілі болды.
«Атамекен» ҰКП жанынан құрылған call-орталығына зардап шеккен кәсіпкерлік нысандары өкілдерінің хабарлауынша келтірілген шығын көлемі шамамен 120 млн.теңгеден асып отыр.
Бизнес өкілдері шығындарын есептеу бойынша өңірлік комиссия құрылды. Комиссия төрағасы болып Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Талғат Мамаев тағайындалды.
Мүшелікке Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы, Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының директоры, Жамбыл облысы Мәслихатының депутаты және мемлекеттік кірістер департаменті өкілдері мен қоғамдық бірлестіктердің бірінші басшылары кірді.
Комиссия төрағасының айтуынша Үкіметке қазіргі таңда тез арада бизнес өкілдеріне нақты қанша шығын келтірілгендігі туралы құжаттарды жіберу қажет. Ол үшін келтірілген шығын көлемін есептеу бойынша бағалау компаниялар нақты шығын көлемін есептеп берулері тиіс. Жедел түрде бағалау компанияларын анықтау керек.
— Осы орайда бағалау шығындарын кім көтереді деген сауал туындайды. Комиссия анықтаған компаниялар арасынан зардап шеккен кәсіпкерлік нысан өзі таңдау жасап, ақысын бюджеттен төленетін болады,- деді Талғат Мамаев.
Комиссия төрағасының айтуынша Үкіметке тез арада бизнес өкілдеріне нақты қанша шығын келтірілгендігі туралы құжаттарды жіберу қажет. Ол үшін келтірілген шығын көлемін есептеу бойынша бағалау компаниялар нақты шығын көлемін есептеп берулері тиіс. Сонымен қатар жедел түрде бағалау компанияларын анықтау керек.
Бес қабатты тұрғын үйді өрттен сақтап қалды
Тараз қаласының ірі кәсіпкерлік нысаны болатын саналатын «Технодом» мен «Эврика» дүкендері желілеріне шабуыл жасалған.
«Эврика» дүкеннің директоры Дмитрий Пактың айтуынша 6 қаңтарға қараған түні қоймамызға ұрылар түсіп, жалпы 18 млн теңге болатын тауарларды ұрлап әкеткен.
— Біз бейнежазбаны құқық қорғау органдары қызметкерлеріне бердік, қазір олар бұл жайтты тексеріп жатыр. 126 техника ұрланды, оның ішінде ұялы телефондар мен кішігірім техникалық тауарлар да бар. Қойма жекеменшік күзет компаниясының қорғауында болатын, бірақ байланыстың болмауына байланысты оларға дабыл түспеген. Қалада таныстарымыз көп қой, солар маған хабарласып, қоймада дабыл қосылғанын ескертті.
Әуелі оқиға орнына дүкеннің қауіпсіздік қызметі жетті. Біз жеткенде, ұрылар тауарларды алып қашып жатқан, кейбірі оларды көшеде жолай тастай салыпты. Ешкімді ұстай алмадық. Олар із суытып үлгерді. Бейнежазбаларға қарағанда, олар төртеу еді. Нақты қанша болғаны әзірге беймәлім. Біздің қойманы өртеп жібермек болған, дер кезінде сөндіріп үлгердік. Бір-екі қорап енді тұтатана бастағанда келдік. Біз бес қабатты үйдің бірінші қабатында орналасқандықтан, өрттен үстіміздегі пәтерлер жапа шегуі мүмкін еді,- деді Дмитрий Пак.
Исламбек Дастан, Жамбыл облысы
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық