Жамбылдағы жарылысқа желі реакциясы
26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19:00 шамасында инженерлік оқ-дәрілер қоймасында жарылыс болды.
Ақпарат желіде тараған уақыттан бірер сәттен кейін президент Тоқаев халықты сабырға шақырып, сақтық шараларын ұстануды ұсынды.
Осы оқиғаға қатысты Orda.kz әлеуметтік желі реакциясын жинақтап жазды. Желідегі жұрт жамбылдық ағайынға аман-саулық тіледі.
Жамбыл облысы, Байзақ ауданынан шыққан айтыскер, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты Мұхамеджан Тазабеков:
Ешкімге, ештеңеге күлуге болмайды.
Кімнің алдында не күтіп тұрғанын ешкім білмейді.
Алла сынаса, талибансыз да, полигонсыз да балаңды құшақтатып, туған үйіңнен түн жарымда бас сауғалатады.
Ұрлық-қарлықтан, қиянат зорлықтан Алла сақтасын!
Артын күтейік, аптықпайық, артық сөйлемейік...
Құзырлы мекемелер шұғыл қимылдап, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жатыр екен.
Алла қиналғандарға, жаралы болғандарға жәрдем етсін!
Ел аман, жұрт тыныш болсын!

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев:
— Қазіргі таңда Байзақ ауданындағы жағдай толықтай бақылауға алынды. Өңірдің төтенше жағдайлар, құқық қорғау және медицина саласының өкілдері барынша жұмылдырылды.
Апат орын алған аумақтан эвакуацияланған тұрғындарға арналып, облыс орталығынан 400-ден астам жатын орын дайындалған. Қосымша 1000-ға жуық орын дайындау мүмкіндігі қарастырылған.
Жарылыс зардаптарын жою және эвакуацияланған тұрғындарды керек-жарақпен, ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Менің басшылығыммен құрылған жедел штаб барлық қажетті шараларды атқаруда.
Зардап шеккендер Тараз қалалық және аудандық ауруханаларға жеткізіліп, медициналық көмектер көрсетілуде.
ҚР Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрлерімен бірлесіп, тиісті шешімдер қабылдануда.
Баршаңызды тек қана ресми мәліметтерге сенуге, жалған ақпараттарды таратпауға шақырамын.

Журналист Гүлмира Әбіқай:
— Тараз маңындағы әскери бөлімде жарылыс болды. Қазір өрт сөндіру жұмыстары жүргізілуде, неден шыққан себебі анықталуда. Шымкентте этно паркті жалын шарпып, дәл қазір Алматының Шығыс айналма жолынан да өрт лап етті.
Ел аман, Түн тыныш болсын, ағайын.
Қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты Мұхтар Тайжан:
Құрметті көне Тараз ағайындарымыз! Біз Сіздермен біргеміз! Әсіресе ауруханаға түскен өрт сөндірушілер, сарбаздар! Бекем болыңыздар! Ел Сіздермен бірге!
Ал кінәлі шенеуніктермен кейін сөйлесетін боламыз.
Қазақстандық саясаткер, қоғам қайраткері, журналист Әміржан Қосанов:
Тараз, әскери бөлімшедегі сұмдық жарылыстар.
Тек қана әлеуметтік желі белсенді.
Осындайда мемлекет қолында бар ұлттық телеарналардан тікелей эфирге шығып, мәселенің мән-жайын дүрлігіп жатқан елге жедел, сол қалпында жеткізіп тұрса, алыпқашпа сөздер сап тыйылар еді. Апат аумағындағы ағайынның жағдайын ойлап, алаңдап отырған барша жұрт та тынышталар еді.

Төтенше жағдай министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли Жамбыл облысындағы әскери бөлімнің жарылған оқ-дәрілер қоймасында 500 тоннаға жуық тротил сақталғаны тауралы айтты. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың да отставкасы туралы сөз қозғалды. Министрдің айтуынша, ол отставкаға кетуге өтініш жазатын болады.
Еске салайық, 26 тамыз кешке Тараз маңындағы әскери бөлімнің жанында жарылыс болды.
Оқиға орнына министрдің орынбасары генерал-лейтенант Руслан Шпекбаевтың басшылығымен Қорғаныс министрлігінің комиссиясы жіберілді.
00:39-дар шамасында Қорғаныс министрі, Төтенше жағдайлар министрі және Қорғаныс министрлігінің комиссиясы бар ұшақ Жамбыл облысына келген. Брифинг кезінде Бердібек Сапарбаев жарылыстың инженерлік оқ-дәрі қоймасында болғанын айтты.
Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жақын маңдағы үйлерден тұрғындарды көшіру шаралары қабылданды. Қазіргі уақытта қайтыс болғандардың саны төрт адам екені айтылды.
Жаңалықтар
- 20 тамыздан бастап қандай смартфондарды сатуға тыйым салынады?
- Бас мүфти Наурызбай қажы: Әйелге қол көтеру – ерлік емес
- Тәртіп өзгерді: Алимент түсетін арнайы шотты бұғаттауға болмайды
- Солтүстік Арал қайта толып келеді: Су дипломатиясы теңіз тағдырын өзгертті
- Алматыда екі жігіттің сөмкесін ашып қараған полицейлерге қатысты қызметтік тексеру басталды
- Башар Асадтың бауыры Сирияда өлім жазасына кесілді
- Dior компаниясының PR-директоры Матильда Фавье жұбайымен бірге жол апатынан қаза тапты
- «Алатау» жеңілдетілген бағдарламасы: Елімізде тағы бір 5 пайыздық ипотека іске қосылды
- Шетелдік туристер Алматы облысындағы тауда шашылып жатқан адам сүйектеріне тап болды
- ХҚКО қызметкері қызметтік көлікпен кейуананы қағып, мерт қылды
- Қуат Хамитов Қазақстанда басшылық қызметке тағайындалды
- Астанада 20 жыл бұрын жасалған кісі өлімі әшкереленді
- «Малсыңдар»: Димаш Құдайберген әйелін ұратын еркектерді сөкті
- Orda.kz сайтының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкеноваға сот үкімі шықты
- Мектепте атыс шығарып, әрекетін стримде көрсеткен: Екі оқушы қаза тапты
- Шакира жер сілкінісінен кейін Колумбияда 10 мектеп салып бермек
- Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот отырысы басталды
- Бақытжан Базарбек жол апатынан зардап шеккен азаматтың туыстарымен бірге видео жариялады
- 240 млн теңгеге жасалған Steppe Rider қазақ тілін үйретіп жарытпады: ҰҚК мен экономикалық тергеу тексеріп жатыр
- Тоқаев ТЖМ басшысына заманауи технология енгізіп, өрт қауіпсіздігі деңгейін көтеру жөнінде тапсырма берді