Жамбылдағы тексеру комиссиясының нәтижесі бар ма?
Фото: Ашық дереккөзден
Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясымен лауазымды тұлғалар тарапынан заңсыз іс-әрекеттердің орын алуына байланысты процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына 2021 жылдың 9 айында жолданған мемлекеттік аудит материалдары зерделенді.
Есепші жауапқа тартылды
«Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының Жамбыл ауданындағы №12 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-де жеке кәсіпкерге 590,0 мың теңгесі артық аударылған. Мекеменің 3 қызметкеріне 5 893,4 мың теңге еңбек ақылары артығымен, 2 202,7 мың теңгенің іссапар шығыны төленгені анықталды.
Жамбыл облысы Жамбыл аудандық сотының Үкімімен мекеменің лауазымды тұлғасы үш жыл мерзімге есепшілік қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, төрт жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Мекеменің қызметшілеріне негізсіз жалпы сомасы 1 278,0 мың теңге іссапар шығындары есептеліп төленген.
«Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Жамбыл су қоймалары» КММ-де (бұдан әрі - мекеме) тиімділік аудиті жүргізілген болатын.
Аудитпен анықталғаны:
ҚР Бюджет Кодексінің 97-бабы 6-тармағының талабы сақталмай, бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілген:
- жалпы соммасы 19,8 мың теңге авторлық қадағалау қызметіне;
- техникалық қадағалау жұмыстарына (инжинирингттік қызмет) жалпы соммасы 3 897,2 мың теңге;
- жалпы сомасы 359,8 мың теңге еңбекақы негізсіз артық есептеліп төленген;
- 2018 жылы мекеме қызметшілеріне негізсіз жалпы сомасы 1 278,0 мың теңге іссапар шығындары есептеліп төленген.
Осыған орай, Тексеру комиссиясымен мекеменің лауазымды адамдарының әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар деп санай отырып, материалдарды тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен бірге процестік шешім қабылдау үшін Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне жолданған.
Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Департаментіне жолдаған.
Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Департаменті қызметтік тексеру жүргізу және кінәлі адамдардың тиісті жауапкершілікке тарту мәселесін қарастыру үшін Жамбыл облысы әкімі аппаратына жолдаған.
40 млн теңгеге шығын келтірілсе де жауапқа тартылмады
«Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» КММ-де (бұдан әрі - мекеме) тиімділік аудиті жүргізілген болатын.
Аудитпен анықталғаны:
1) «Жамбыл облысы Талас ауданы «Ақкөл-Талапты» 0-32 шқ. автомобиль жолын орташа жөндеу» нысаны бойынша жалпы сомасы 29 177,2 мың теңгені теңгені құрайтын жұмыстар толық көлемде орындалмаған;
2) «Жамбыл облысы Талас ауданы «Қаратау-Қасқабұлақ-Есейхан-Көктал» 45,2 шқ. автомобиль жолын орташа жөндеу, 0-12 шқ. учаскесі» нысаны бойынша жалпы сомасы 11 588,9 мың теңге құрайтын жұмыстар толық көлемде орындалмаған;
3) Жамбыл облысы Талас ауданы «Қаратау-Көктал» 14,5 шқ. аудандық маңыздағы автомобиль жолын орташа жөндеу нысаны бойынша жалпы сомасы 1 369,7 мың теңгені теңгені құрайтын жұмыстар толық көлемде орындалмаған.
Осыған орай, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаментіне жолданған. ҚР ҚПК 35-бабы 1 бөлігі 2 тармағымен сотқа дейінгі тергеп тексеру тоқтатылды.
Авторы: Исламбек Дастан, Жамбыл облысы
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық