Жамбылда әкімдік жамағат салған мұқтаж жандардың баспанасын басқа біреуге берді
Жамбыл облысының имамдары халық қаржысына салынған үйлер мұқтаж жандарға емес, басқа адамдарға беріліп жатыр деп дабыл қақты.
31 арнаның хабарлауынша, көктемде қала әкімі Ержан Жылқыбаев мұқтаж жандарға жер бөліп, баспана салуға рұқсат берген. Имамдар еш ойланбастан үй салуға кіріскен, бірақ жарты жолда қаражаттары таусылып, жұмыс уақытша тоқтап қалған.
Мұқтаж отбасылар үйдің Жаңа жылға дейін берілетінін естіп, жан-жақтан ақша алып, қарызға батып, баспананы аяқтауға бар күштерін салады. Бірақ ақыр соңында олар тізімде болмай шығады.
Ақшасы ауаға кетті
15 жыл бойы бір пәтерден екінші пәтерге көшіп жүрген Фарида Жұмабаеваның айтуынша, ол отбасын жалғыз асырап отыр. Жұбайы екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жан. Балалары кәмелет жасқа толмаған. Фарида қиналған кезінде арасында мешіттен көмек сұрап жүрген. Бір күні имамның көмекшісі келіп, әкім асарлатып, жер бөлгенін айтқан. Үйдің құрылысын тезірек бітіру үшін Фарида жан-жақтан қарыз алған. Артынша әкім үйді тапсырғанда өзінің оның иесі емес екенін білген.
Фарида қазір 150 мың теңге несие төлейді. Бұйырмағанын біліп, ақшасын қайтарып алайын десе тағы болмаған.
«Қарыздарым төленбей ол жатыр. Жаздай тапқан ақшамды бала-шағамның аузынан жырып, күйеуімнің еміне қимай, баспаналы боламын деп осында ақшамды құйдым. Мен оны жайдан-жай беріп қоймаймын. Мен де баратын жерге барамын. Берілмеймін. Күресемін! Соңына дейін күресемін» деді Фарида.
Қала әкімінің рұқсатын алып, асар жасаған имамның көмекшісі Елдос Қырықбаев соңында шенеунік өзін алдап кеткенін айтады. Оның айтуынша, әкімдік мешіт ұжымы ұсынған тұрғындарға үй салуға рұқсат берген. Осылайша, мешіттің ұжымы адамдардан жылу жинап, құрылысты бастап кеткен. Жарты жолда жұмыс тоқтап қалған.
«Біреуден бес жүз кірпіш аламыз. Біреуден цемент аламыз. Біреуден тақтай аламыз. Әркімнен солай. Бізде мешітке «мә, саған» деп бере салатын жамағатты көріп тұрған жоқпыз. Ақырындап әйтеуір шамасы келгенше жамағат көмектесті. - Сол екі ортада әкімдік кіріп кетті ғой, иә? - Әкімдік мына үй неғып тұр, бітпесе біз бітіріп береміз деп орта белден кіріп кетті. Рұқсат сұраған жоқ» деп түсіндірді «Сары молла» мешіті имамының көмекшісі Елдос Қырықбаев.
Неге берілмеді?
Даудың басы әкімдіктің мұқтаж жандарға салынған үйлерін басқа адамдарға беруінен басталған. Үш отбасы Жаңа жыл алдында үйсіз қалды.
Жергілікті шенеуніктер үй салуға рұқсат берілгенін растады. Бірақ оны мешіттің ұсынған адамдарына беріледі деген сөз болмағанын алға тартты.
Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі Зарина Қуатованың айтуынша, мешіттегі қызметкерлер маусым айында құрылысты жалғастыра алмаймыз деп әкімдікке шағымданған.
«Бірақ желтоқсан айында тұрғын үйлер тапсырылып жатқан кезде олардың уәде берген үш азаматымыз бар делінген хабарды айтты» дейді ол.
Қазіргі таңда асарлатып салынған үйге жеті мұқтаж отбасы кірген. Жыл соңына дейін тағы сегізі кіруі керек. Бірақ ол тізімде мешіттің ұсынған азаматтары бола ма белгісіз.
Жаңалықтар
- ОСДП Құрылтайдың жаңа құрамына кіретін сегіз депутаттың атын атады
- Исламабадта аурухана өртеніп, 15 жаңа туған шақалақ қаза тапты
- «Бес айлық күшік еді»: 11 жастағы баланың құлағын шайнап тастаған иттердің иесі сотта жауап берді
- Президент: Жасанды интелектке қатысты тапсырма тиісті деңгейде орындалмады
- Тоқаев Астанада Қазақстан-Қытай жасанды интеллект мектебін ашуды ұсынды
- Мұғалімдердің 95%-ы жұмысына көңілі толады: Тоқаев Қазақстанның әлемдік рейтингтегі орнын айтты
- Тоқаев: Қазақстан оқулықтарында 700-ден астам қате бар
- Кентауда адам денесі табылғаны туралы хабарлама жұртты дүрліктірді
- Атыраудағы әуежайда шетелдік қайтыс болды: Полиция мән-жайды мәлімдеді
- Оралда әлеуметтік желіде бейәдеп сөздер айтқан тұрғын қамауға алынды
- Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сот: Істі прокурорға қайтарудан бас тартты
- Ұлдана Мырзуанның қазасы: Адвокат істі прокурорға қайтаруды сұрады
- 12 рет пышақталып, қаза болған Дильназдың анасы күдіктінің жазасын қатаңдатуды сұрады
- «Ердоған қайтыс болды» деп материал жариялаған түрік журналистері ұсталды
- Қазақстандық әпкелі-сіңлілі қыздар БАӘ-де қаза тапты: Отбасы олардың денелерін елге жеткізуге тырысып жатыр
- Жамбылда полиция подполковнигі есірткі саудасы үшін сотталды
- Алматы облысында 17 адам 800-ден астам көлікті заңсыз тіркеген
- Трамп түн жарымда қызметкеріне қоңырау шалып, Тоқаевқа сәлем жолдаған
- Тоқаев Құрылтайдың тұңғыш сессиясын өткізуге қол қойды
- Ат байлаған арқанға ілініп қаза тапқан қызға қатысты оқиғаның жай-жапсары белгілі болды