Жамбылда із-түзсіз жоғалып кеткен сарбазды тапқандарға сыйақы беріледі
Жамбыл облысында орын алған жарылыстан кейін жоғалып кетіп, әлі күнге дейін табылмаған әскери Бауыржан Дәуітбаевтың анасы ұлын тапқандарға сыйақы бермек.
Жарылыстан кейін із-түзсіз жоғалып кеткен Бауыржан Дәуітбаевты іздеу шаралары әлі де жалғасып жатыр.
Ұлының тірі екеніне сенім білдірген оның анасы «ұлын тапқандарға сыйақы беремін» деп мәлімдеді.
– Сіздерден көмек сұраймыз, қазақ елі! Көрген білгендіріңіз болса, хабарласуларыңызды өтінеміз. Сыйақысы бар. Жасөркеннен көрген бір-екі адам бар. Бірақ әлі нақты табылмай жатыр. Жарылыстан елдің бәрі қашқан кезде бір жағына қарай шығып кетті деген ойдамыз. Содан «басына бір зақым келді ме?» деп ойлаймыз. Өйткені есін білсе, ол осы уақытқа дейін үйге оралар еді, - деді әскери Бауыржан Дәуітбаевтың анасы Фатима Ағыбекова.
Еске салсақ, 26 тамыз Жамбыл облысында жарылыс орын алды. Салдарынан 17 адам мерт болды. Оның ішінде ішкі істер органдарының қызметкерлері, әскерилер мен төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері, әскери прокурор бар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық