Жамбылда депутаттар алғаш рет Мәслихат төрағасына қарсы шықты
Фото: Orda.kz / Исламбек Дастан
Жамбыл облысы мәслихаты ХII шақырылым депутаттарының арасындау дау шықты.
«Жамбыл облысы Қоғамдық кеңесі» құрамын бекіту мәселесін талқылау кезінде қоғамдық кеңесті қалыптастыратын жұмысшы топ басшысы, Жамбыл облыстық мәслихат депутаты Ерқанат Мәнжуов баяндама жасады. Ол ұсынылған 15 адамға толықтай дауыс беруге шақырды. Бірақ Жамбыл облысы мәслихат хатшысы Махметқали Сарыбеков әрбір үміткерге жеке-жеке дауыс беруге ұсыныс тастап, көпшілік оны бірден қолдап кетті. Осы жәйтқа Жамбыл облыстық депутаттары Е.Мәнжуов (комиссия төрағасы, «Аманат» партиясы), Е.Саурықов (комиссия мүшесі, «Ауыл» партиясы), Б.Тілебаев («Ақжол» партиясы), С.Рысбаева («Ауыл» партиясы), Ш.Егембердиев («Ақжол» партиясы), Т.Жолтаев («Ауыл» партиясы) шамданып, орындарынан тұрып, залдап шығып кетті.
СЕССИЯДАҒЫ ДАУ
Даудың басы «Жамбыл облысы Қоғамдық кеңесі» құрамын бекітуден басталды. Қалыптастыру комиссиясының ұсынысымен үміткердің 11-і депутаттардан қолдау тауып, төртеуі қолдаусыз қалды. Қолдау таппағандар Нариман Мауленов (кәсіпкер), Уалихан Сексенбаев («Нәркес-Строй маркет» ЖШС директоры), Құрманбек Сағынбеков (Халықаралық Тараз инновациялық институты, Заң факультетінің «Азаматтық және қылмыстық құқық» кафедрасы, доцент), Аманжол Аманбаев (зейнеткер, ЖО әкімдігі Ауыл шаруашылығы басқармасы Ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Ауыл» партиясы).
ҚАТЫСЫМ ЖОҚ
Ерболат Саурықов жақында ғана мемлекет басшысынан «Құрмет» орденін алған, Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры, Жамбыл облысы бойынша «Ауыл» партиясының төрағасы Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесі құрамына енгізілген Халықаралық Тараз инновациялық институты, Заң факультетінің «Азаматтық және қылмыстық құқық» кафедрасы, доцент Құрманбек Сағынбеков пен «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының ұсынысымен түскен зейнеткер Аманжол Аманбаевқа қатысы жоқ екендігін мәлімдеді. Сонда өзі басқаратын партия мен оқу орын басшысы ретінде қолдау білдірмеді дегенге ешкім сенбеді.
«АҚЖОЛДЫҚТАР» ӨЗІНІҢ КӨШБАСШЫСЫН ҚОЛДАМАДЫ
Жамбыл облысы мәслихат сессиясында «Ақжол» партиясынан ұсынылған Муханбеталы Шалқарбеков Шолпан Рысалиеваны қолдауға қатысып, ал Б.Тілебаев пен Ш.Егембердиев өз орындарынан тұрып кетті.
БРИФИНГТЕ НЕ АЙТЫЛДЫ?
Бірінші брифингте мәслихат хатшысы Махметқали Сарыбеков «әдепсіз» депутаттарды өзінің адамдарын өткізу үшін осындай әрекет жасады деп отыр. Екінші тарап «циркті» ұйымдастырған Сапарбаев пен Сарыбеков, олардың әрекеттерін сотқа береміз деген пікірлерін білдірді.
Айта кетсек, ұсынылған 15 адамның үш үміткері - тікелей қоғамдық жұмысқа атсалысып жүргендер, ал қалғандары - жеке кәсіпкерлер.
Авторы: Исламбек Дастан
Жаңалықтар
- АҚШ пен Ұлыбритания Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын қорғау мақсатында халықаралық коалиция құрмақшы
- Өз стадионын Канье Уэстке қалдырып, «Қайрат» Түркістанда ойын көрсетеді
- Өз қарызын жабам деп басқаны қарызға батырған әйел сотталды
- Тамыз айында Қазақстанның бірқатар өңірінде қуаңшылық болады
- Қытай мен Еуроодақ арасында «сауда соғысы» басталды
- Астанадағы әуетакси сынағы: Алғашқы вертипорт қайда салынады?
- «Тек жәбірленушінің жауабымен соттады»: 15 және 25 жылға сотталғандардың туыстары дабыл қақты
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені қайтадан төмендетті — 16,75 %
- АҚШ-тың жаңа кедендік баждары: Қазақстанға қатысы бар ма?
- ІІМ блогерлер мен ақпараттық ресурс иелеріне иелеріне ескерту жасады
- «Алтыналмас» АҚ кен орнында жұмысшы қаза тапты
- ЕО Google компаниясына 890 млн еуро айыппұл салды
- Астанада көкөніс дүкеніне кіріп кеткен көлік 15 жастағы қызды жаралады
- ҚР СІМ серіктес елдерді КҚК-дағы танкерлерге жасалған шабуылдарды айыптауға шақырды
- 15 минуттық жаңбыр Астананы Венецияға айналдырды
- Прокурор Нұрай Серікбайға 35 рет пышақ салынғанын мәлімдеді
- 73 пайызы ауыр: Біздің шенеуніктер қандай қылмысқа құмар?
- Ақтөбеде жүргізушіге ескерту жасаған ер адамды ұрлап кеткен
- Бауыры екі жерден жарылған, қабырғалары сынған: Жігітінің қолынан қаза тапқан қыздың туыстары сұмдық оқиғаны айтып берді
- Яссауи іліміне қатысты XVII ғасырдың сирек қолжазбасы табылды