Жамбылда деканның қолдан диплом жасап сатқаны белгілі болды
Фото: Ашық дереккөзден
Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің (қазіргі атауы Халықаралық Тараз инновациялық институты) дипломдарын қолдан жасап сатқан декан туралы белгілі болды, деп хабарлады Оrda.kz Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі.
Ол туралы университет ректоры Ерболат Саурықов мәлім етті.
«Білім саласына белгілі азамат, Тараз мемлекетттік педагогикалық университетінің (қазіргі таңда М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті) деканы қызметін атқарған Джуншеев Расылхан қолдан диплом жасап сатқан. Ортаға ағайындарды қосып, кешірім сұрады. Мен мына мына дипломыңыз оригинал емес деп қолмен ұстап көрсетіп, айттым. Мынау - көшірме нұсқасы. Мұны кім жасады? Жоғары деңгейде компьютермен айналысатын адам жасаған. Мына жердегі қол біздің қол емес. Мен ондай жағдай болғанын мойындаймын. Бірақ ол адамдардың атын атай алмаймын. Дәл есімде жоқ балам не туысқаным қатысты деді. Маған өтініш менің атымды атамаңызшы, білдей бір факультеттің деканымын. Менің бір жақын ағайыным бар еді, ол соны ертіп келген болатын» деді ол.
Orda.kz тілшісі Расылхан Джуншеввке хабарласып көрді. Ол деканның сөзін жоққа шығарып, жалған диплом жасамағанын алға тартты.
«Мен университетте 46 жыл жұмыс істеп келемін, бұрын-соңды жамандық жасаған емеспін. Бұл туралы әріптестерім біледі. Кейде үлкендер өзара келісе алмай, осыған байланысты соғыстың бір түрі басталады. Мен өзімді құрал ретінде пайдаланып жатқандай сезінемін» деді Расылхан.
2017 жылдың шілде айының 10-20 аралығында Анарбаева Римма деген азаматша Төле би даңғылында орналасқан нотариуске Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің дипломын нотариалдық растауға барады. Алайда, нотариус Римма берген дипломды көріп жалған екенін анықтап, ТИГУ администрациясына жеткізеді. Көп ұзамай жалған диплом мәселесі бойынша Жамбыл облысы ішкі істер департаментіне арыз беріп, тергеу, анықтау жұмыстарын жүргізіп, жалған дипломды жасаған азаматтар анықталып, тиісті шара қолдануға ұсыныс жасалды. Сол кезде жалған диплом жасаған тұлғалар Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің қызметкерлері болып шықты.
Айта кетсек, жалған диплом мәселесі Жамбыл облысы мәслихат депутаттарының мәслихат хатшысы Махметғали Сарыбековке қарсы шығу бойынша брифингте университет ректоры, Ауыл партиясының облыстық басшысы, облыстық мәслихат депутаты Ерболат Саурықовқа сауал ретінде қойылған болатын.
Авторы: Исламбек Дастан, Тараз
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық