Жамбылда 7,5 млрд теңгелік жол жобасы тоқтап қалды
Фото: freepik.com
Жамбылда жол жөндеуге бөлінген 7,5 млрд теңгенің жобасы басталмай жатып, тоқтап қалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл қаражат халықаралық көлік дәлізінің бір бөлігі «Ескі Күйік» асуының құрылысы үшін бөлінген. Ал тендерді ұтқан мердігер жұмыстың бар-жоғы 5%-ын аяқтаған. Тау ішіндегі тас жол жарты ғасырдан бері күрделі жөндеу көрмегені белгілі. Жүргізушілер жолдың шұрық тесік болып кеткеніне наразы. Ал бұл жолмен жеңіл көліктерден бөлек, транзиттік бағытта тауар тасымалдайтын еліміздің және сырт елдің жүк көліктері де жүреді екен. Күрделі жөндеу көрмеген автодәліз жыл сайын жамалады.
Тас жолмен тәулігіне 35 мың көлік қатынайтыны белгілі болды. Жолға жауаптылар 7,5 млрд теңгеге жаңғыртпақ болған. Осы жылы ерте көктемде құрылыс басталғанымен, соңына жетпепті. Тендер ұтқан компанияның техникасы түгел болмай, жұмысшылары да жетіспей, жоба тоқтап қалды. Ол жолдың тек 3 шақырымына ғана асфальттың астыңғы қабатын төсеген.
«Кешеден бері бұл мердігермен келісім-шарт бұзылды. Конкурс рәсімдері жүргізіледі. Көктемге дейін анықталатын болса жұмыс мерзімі қайтадан қарастырылады. Мердігерге келісім-шартқа сәйкес, 36 млн теңге айыппұл салынды. Осылайша жолдың биылғы құрылысына бөлінген 1,5 млрд теңгенің небәрі 305 млн-ы игерілді», - дейді «Қазавтожол» ҰК АҚ Жамбыл облыстық филиалы директорының орынбасары Еркін Тайпақов.
Жаңалықтар
- АҚШ алдағы күндері Иранға соққы жасауы мүмкін
- «Қайрат» шабуылшысы Дастан Сәтпаев 2026 жылы 10-нөмірмен ойнайды
- Олимпиада жарақаты: Польшалық шорт-трекші Камила Сельер коньки жүзімен беттен соққы алды
- Қазақстандағы мыс саласы қайтадан Владимир Ким мен Эдуард Огайдың қолына өтті
- Қазақстан Германияда өткен жасөспірімдер арасындағы конькимен жүгіруден төрт алтын медаль алды
- Шымкентте былтыр ғана салынған жол опырылды
- Өтініш бергеннің бәріне әлеуметтік көмек: Министрлік жалған ақпаратқа жауап берді
- Эпштейнмен қатынасы үшін дауға қалған ханзада Эндрю таққа мұрагер бола алмайды
- Трамп барлық елдерге баж салығын 15 %-ға дейін көтеретінін мәлімдеді
- Әліби Ыдырыс UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті
- Тоқаев Сауд Арабиясы Королі мен тақ мұрагерін құттықтады
- Геннадий Головкин Джеки Чанға қазақтың шапанын сыйлады
- Олимпиада-2026: Михаил Шайдоров «Кунг-фу панда» образында, Джеки Чан арнайы келді
- Олимпиада–2026: Соңғы жарыс күні, жабылу салтанаты
- Зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге пайдалану азайды
- Алматы қаласында 60 адам тіркелген екі пәтер анықталды
- Конькимен жүгіруші Елизавета Голубева Олимпиада финалына жолдама алды
- Депутат Қазақстанда онлайн несие алудағы өзгерістерді түсіндірді
- Тағы да Талғар: Ғалымжан Шерзатұлы 53 күннен кейін қайта жерленді
- Қарағандыда дроперлікке банк шотын берген студенттер жауапқа тартылды