Жамбыл облысының тұрғыны заңсыз алтын өндірді деген күдікке ілінді
Ұлытау облыстық полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқарма қызметкерлері арнайы операция нәтижесінде Жаңаарқа ауданында заңсыз алтын өндірумен айналысқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты.
Polisia.kz дерегі бойынша, оқиға орнынан 23 адам ұсталып, оның ішінде Жамбыл облысының 29 жастағы тұрғыны жерасты «кәсіпорнын» ұйымдастырушы екені белгілі болды.
Күдіктілер құрамында алтын бар кенді ашық игерген, содан кейін оны ұсақтап, жуған. Оқиға орнынан полицейлер грамдық таразыны, ұсатқыш станокты, құрамында алтын бар 2 тоннадан астам кенді, шамамен 70 грамм алтынды тәркіледі.
« 7 арнайы техника – жүк көліктері, самосвалдар, экскаватор қамауға алынды. Сонымен қатар жауынгерлік патрондармен ату үшін қайта жасалған тапанша тәркіленді. ҚР ҚК-нің 295-1-бабы (Археологиялық жұмыстарды заңсыз жүргізу), ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) және ҚР ҚК-нің 288-бабы (Салық салынатын кірісті азайту) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады» деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық