Жамбыл облысының тұрғыны Астанаға 30 келіден астам есірткі жібермек болған
Фото: Polisia.kz
Жамбылдық полицейлер есірткіні заңсыз өткізу фактісінің алдын алды.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Шу ауданында есірткінің аса ірі партиясы тәркіленді. Полиция 35 жастағы күдікті – жергілікті тұрғынды ұстады.
Жаңа жол ауылында өткен тінту шаралары барысында ер адамның шаруашылық жағдайында кептірілген марихуана және гашиш есірткі заттары бар 15 полиэтилен пакет табылып, тәркіленді.
Жедел мәліметтер бойынша күдікті жабайы қарасораны Астана қаласына апарып сатуды жоспарлаған.
«Қызметкерлердің біраз уақыт күдіктінің ізіне түсіп, кәсіби әрекет етулерінің нәтижесінде есірткінің заңсыз айналымының тағы бір фактісінің алдын алдық. Барлығы 29 келі 677 гр кептірілген марихуана және 3 келі 76 гр гашиш тәркіленді. Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз дайындағаны үшін ұсталған адамға қатысты мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылады. Күдікті өз кінәсін толық мойындап, Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», деді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық