Жамбыл облысының орман шаруашылығында өрт шықты
Фото:Pexels
Жамбыл облысындағы орман алқабында 2 мың гектарға жуық құрғақ шөп өртке оранды.
Бұл туралы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
4 маусымда күндіз «Қазавиаорманқорғау» РМҚК патрульдік тікұшағымен аэровизуалды барлау барысында Сарықоба орманшылығы аумағындағы өрт анықталды.
«4 маусым күні сағат 16:20 шамасында Жамбыл облысы «Мерке» орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесіне қарасты Сарықоба орман шаруашылығы аумағында алдын ала болжам бойынша 1650 га аумақта құрғақ шөп пен бұталар өртенді. Кейіннен өрттің Луговое орман шаруашылығы аумағына өтіп кеткені белгілі болды» делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар департаменті елді мекендерге қауіп төніп тұрмағанын атап өтті. Өртті сөндіруге 240-тан астам адам мен 50 техника қатыстырылған. Тікұшақ әкелінді.
«5 маусымда таңертең өрттің жалпы 1800 гектар аумағы оқшауланды. Елді мекендерге қауіп жоқ» деп хабарлады Жамбыл облысы бойынша ТЖД.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық