Алматы облысы және Жамбыл облысына жаңа ҰҚКД басшылары тағайындалды

cover

Алматы облысы және Жамбыл облысына жаңа ҰҚКД басшылары тағайындалды.

Жамбыл облысы ҰҚКД басшысы болып Нұрлан Кәрібжанов тағайындалды.

Бұған дейін бұл қызметті атқарған Марат Ирменов Алматы қаласының ҰҚКД басқарады.

Кәрібжанов бұған дейін ҰҚК орталық аппаратында бөлім бастығы қызметін атқарған. Сондай-ақ 2011-2016 жылдар аралығында ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы болған.

Ал Алматы облысы ҰҚКД басшылығына Наймантаев келді. Ол бұған дейін ҰҚК орталық аппараты кадр басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Алматы облысының ҰҚКД бұрынғы басшысы қызметінен босатылды. Ол бүлік кезінде нысанды сақтап қала алмаған. ҰҚКД ғимараты өртке оранған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар