Жамбыл облысында жоғалып кеткен сарбаздың денесі Қырғызстанда табылды
Фото: Ашық дереккөзден
2 наурызда Андас батыр шекара заставасында жоғалып кеткен 19 жастағы сарбаз Ұлықбек Бердішевтің мәйіті табылды, деп оның ағасы мәлімдеді.
Halyq uni басылымының хабарлауынша, сарбаздың денесін оның туыстары Қырғызстандағы тау басынан тапты. Ағасының айтуынша, қазір мамандар Ұлықбектің денесін сараптамаға көрші елге алып кеткен.
Осыдан екі күн бұрын қырғыз шопаны солдат киімінің бір бөлігін тауып алып, туыстарына тапсырған. Артынша Ұлықбектің туыстары шекарадан өтіп, киімдері табылған жерге барған. Сол жерде 100 метрден кейін олар өз белдігінде асылып тұрған жігітті тапқан.
«Бұл бір ай бұрын асылып өлген балаға ұқсамайды. Тек беті қара, қалғаны сау» дейді ағасы.
Үш күн бұрын әскери заставаға жоғалған сарбазды Қырғызстаннан іздеуге кеңес берілген. Алайда бұған дейін Қырғызстан шекарасында тінтуге рұқсат етілмеген болатын.
Бұған дейін сарбаздың әкесі баласының 2-3 күн сайын телефон соғып, жиі ақша сұрайтынын айтқан.
Жоғалған адамды табу үшін туыстары бір айдан астам Андас батыр ауылында үй жалдап жүрген.
Марқұм Қызылорда облысы Қазалы ауданының тумасы. Ұлықбек – әулеттің тұңғышы. 2021 жылдың 10 қыркүйегінде әскери борышын өтеуге әскерге кеткен.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық