Жамбыл облысындағы жер сілкінісінен 30-дан астам ғимарат зақымданды
Фото: Envanto
28 наурыз күні таңғы 3:42-де Жамбыл облысында 5 балдық жер сілкінісі тіркелді. Меркі және Т. Рысқұлов ауылдарында ондаған ғимарат бүлінген, олардың қатарында әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер бар, деп хабарлайды Orda.kz.
Меркі ауданында үш ауылдағы орталық аудандық аурухана мен медициналық пункттердің қабырғалары зақымданды. Дәрігерлік амбулаториялар мен фельдшерлік-акушерлік пункттерде жарықтарды анықталған. Сонымен қатар, Жаңатоған ауылындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығы, балабақша, асхана және бір тұрғын үйге зақым келген.
Т. Рысқұлов ауданында 20-дан астам ғимарат бүлінген. Оның ішінде 4 мектеп, 3 балабақша, мәдениет үйі, медициналық пункт, спорт кешені және 11 тұрғын үй бар.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Аймақта ғимараттарды тексеруге 120 адам мен 73 техника жұмылдырылды. Оқиға орнында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық мониторинг орталығының мамандары жұмыс істеуде.
Меркідегі «Мерке ірімшігі» зауытында сақталған 250 келі аммиакқа зақым келмеген. Биологиялық немесе радиациялық қауіпті нысандарда да ешқандай ақау анықталмады. Газ жүйесі, жолдар мен теміржолдар қалыпты жұмыс істеп тұр.
Жер сілкінісі ең соңғы рет Т.Рысқұлов ауданында 2003 жылы тіркелген. Ал Меркіде мұндай жағдай соңғы 160 жылда болмаған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық