Жамбыл облысында жаңа әкім қалай сайланды
Смайыловтың қатысуымен өткен облыс әкімі сайлануы тиіс барлық деңгейдегі депутаттар жиынына бірде-бір БАҚ шақырылған жоқ.
Жамбыл облысы әкімін қайта тағайындау қарсаңында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Астанадан Таразға ұшып жетті. Оның ұшағы қаладағы қою тұманға байланысты екі сағатқа дейін қона алмады. Соған қарамастан, қайта тағайындау өткізілді. Смайылов Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарына жолдаған хатын оқыды.
Облыс әкімі лауазымына екі кандидат ұсынылды – қазіргі уақыттағы оның міндетін атқарушы Нұржан Нұржігітов (ол облысты 2022 жылдың сәуірінен бастап басқарды) және Әлихан Балқыбеков (Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының әкімі).
Нәтижесінде көпшілік дауыспен (162 депутат) Нұржан Нұржігітов сайланды. Әлихан Балқыбековке небәрі 27 депутат дауыс берді. Ең қызығы, Мойынқұм ауданынан сайланған депутаттар да өз ауданының әкімін қолдамады.
Айта кетейік, өңірдегі санаулы БАҚ өкілдерінің бірі Orda.kz сайтының тілшісі активке қол жеткізді. Алайда бұл Премьер-Министрдің баспасөз қызметінің жетекшісі Қанат Құлшымановтың араласуынсыз өтпеді. Бастапқыда жергілікті шенеуніктер тілшіні шығарып салуға әрекеттеніп, ПТР тексеруін талап етіп, түрлі сылтаулар айтып, тіпті полициямен қорқытты.
Сонымен, облыс активі алдында сөз сөйлеген Әлихан Смайылов облыс әкімі алдындағы өңірді дамыту міндеттерін белгіледі. Оның айтуынша, алдағы жылдары әлеуметтік нысандарды, тұрғын үй-коммуналдық, энергетикалық және ауылдық инфрақұрылымды жаңғырту, кәсіпкерлікті қолдау, жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу, жергілікті маңызы бар жолдардың сапасын арттыру жоспарлануда. Атап айтқанда, облыста 9,5 мың орындық 13 жаңа мектеп пен 30 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысаны ашылғалы отыр. Үш аудандық аурухана да жаңартылуда. Сонымен қатар, 2021 жылдан бері коронавирустық инфекцияға қарсы отандық QazVac вакцинасын шығаратын биофармацевтикалық зауыттың екінші кезегінің құрылысын аяқтау жоспарлануда.
— Облыс әкімі азаматтардың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатын арттыру бойынша барлық жоспарлардың тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етуі керек, - деп атап көрсетті Премьер-Министр.
Ол облыс басшылығына өнім өндіруді ұлғайту жұмысын бақылауда ұстауы керектігін баса айтты. Отандық азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз көтеруге жол бермеу қажеттігі де тілге тиек болды.
Авторы: Исламбек Дастан
Жаңалықтар
- Қазақстанның 30 елді мекенінде жер сілкінісінің дүмпуі сезілді
- Қырғызстанға 37,2 миллиард теңгенің бензинін заңсыз шығарған қылмыстық топ ұсталды
- Еліміздегі халыққа берілген несиелер көлемі 4,4%-ға қысқарды
- «Домбыра харам» деген ақтөбелік «ұстаз» 3,5 жылға сотталды
- Инвестор құқығын қорғау мен активтерді қайтару бойынша прокуратураның рөлі күшейтілді
- Иранның Кувейт әуежайына жасаған кезекті соққысының кадрлары тарады
- Тоқаев: Ұлттық нышандарымызды қадірлеу – отаншылдық рухының ең биік өлшемі
- Мұхтар Жәкішевтің қызы Лондонда шетелдік инвестициялық менеджерге тұрмысқа шықты
- Қырғызстанның экс-премьер-министрінің ұлы Алматыдағы тергеу абақтысында отыр
- Өндірісте жарақат алып, қолы кесілген: Сот жұмыс берушіні 28 606 425 теңгелік протез алып беруге міндеттеді
- Атырауда «Керемет» ойын-сауық саябағынан өрт шықты
- Тоқаев құттықтады: Қырғызстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне қосылды
- Зеленский Путинмен тікелей келіссөздерге дайын екенін айтты
- Жұмыс беруші қызметкердің жалақысын сақтап, медициналық тексеруден өтуге жіберуге міндетті
- Мемлекеттік рәміздер — ел егемендігінің басты нышаны
- Димаш Құдайберген Ұлттық қауіпсіздік комитетінде не істеп жүр?
- «Рөлде қарындасым болған»: Жамбыл облысындағы полиция басшысының видеосы тарады
- Тоқаев Кипр президентіне Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия мен Іскерлік кеңес құруды ұсынды
- Атыраудағы қырылған отбасы: Күдіктінің жұбайы қылмысқа қатысы жоқ деп танылды
- Депутат әлеуметтік желідегі пікірлер үшін сотталғандарға амнистия беруді сұрады