Жамбыл облысындағы өрттен зақымдалған оқ-дәрілер жарылды
Бүгін таңертең Жамбыл облысы, Сарыкемер ауылындағы инженерлік оқ -дәрі қоймасы аумағында шағын жарылыс болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Тілшіміз Исламбек Дастан төтенше жағдай орын алған жерден хабар таратуда. Алғашқы сұхбат Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Мамаев Талғатпен болды.
Әскери ведомствоның хабарламасында жарылыс кезінде зардап шеккендер жоқ, ғимараттар мен құрылыстарға зақым келген жоқ, делінген. Дегенмен біздің тілшіміз жақын маңдағы терезесі сынған үйлерді көрсетті.
Сонымен қатар жарылыс кезінде сынықтардың ұзақ қашықтыққа таралмағаны айтылды.
— 2021 жылдың 10 қазанында, таңғы сағат 7.20 шамасында, Жамбыл облысы, Сарыкемер ауылындағы инженерлік оқ -дәрілер қоймасы аумағында өрттен зақымдалған жарылғыш зат іске қосылды, - делінген хабарламада.
Баспасөз қызметі тарапынан подполковник Дина Мухаринова тілші сұрақтарына жауап берді.
Сарапшылар алдағы уақытта мұндай жағдайлардың болатынын жоққа шығармайды, бұған қоса ведомство жақын арада қойма аумағында оқ -дәрілерді бақыланатын жою жүргізілетінін де ескертеді.
Қазіргі уақытта техникалық алаңды өрт шыққан жарылғыш заттардан тазарту жұмыстары жүргізілуде.
Еске салсақ, 26 тамызда Жамбыл облысы, Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Өрт салдарынан белгісіз заттар жарылды. Жарылыстан кейін 93 адам ауруханаға жатқызылып, 17 адам қаза тапты. Оның ішінде 10 азаматтық қорғау офицері, алты Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшісі және бір әскери прокурор бар.
Авторы: Исламбек Дастан
Бейнежазбалар мен суреттер автордікі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық