Жамбыл облысында тыңайтқыш зауытын салу жоспарлануда
Сурет: Айқын
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов «Аларко» түрік компаниясы өкілдерімен кездесу өткізді.
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Түркияның Alarko Holding компаниясы өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
Тараптар қалдықтарды өңдеу және ауыл шаруашылығы саласындағы жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды талқылады.
Жамбыл облысында пайдалы қазбалардың орасан зор қоры бар екенін ескерсек, инвесторлар минералды тыңайтқыш шығаратын зауыт салуға мүдделі. Облыс әкімі қазіргі таңда агроөнеркәсіптік кешен саласында мемлекеттік қолдау шаралары кеңейтілгенін және жергілікті атқарушы органдардың қолдау көрсетуге дайын екендігін баса айтты.
Alarko Holding-тің вице-президенті Шахин Аббас Alarko Holding Түркияда орналасқан танымал компания екенін атап өтті. Компания құрылыс, энергетика, жылжымайтын мүлік, инфрақұрылым және өндіріс сияқты бірнеше салаларда жұмыс істейді.
Бұған дейін түрік холдингі Қазақстанда 500 гектар жылыжай салуға дайын екені хабарланған болатын. Жалпы, алдағы 5 жылда компания еліміздің ауыл шаруашылығына 650 миллион долларға жуық инвестиция құймақ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық