Жамбыл облысында төтенше жағдай режимі жарияланды
Жамбыл облысында ауа райының нашарлауына байланысты жергілікті табиғи төтенше жағдай режимі жарияланды.
Облыста қардың жаууына, сондай-ақ ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты жолдарда көру нашарлаған.
Қазір желдің екпіні секундына 45 метрге жетеді.
Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізіндегі «Тараз – Алматы» бағыты бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдары мен облыстық маңызы бар жолдар жабылды. Жолда қар құрсауында қалып қойған көліктер әлі де бар. Олардың саны туралы ақпарат нақтылануда.
«Желтоқсанның 13-інен бастап Жамбыл облысының әкімі Қарашүкеевтің тапсырмасы бойынша арнайы құрылған облыстық жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Құтқару жұмыстарына 117 арнайы техника мен 103 адам (төтенше жағдайлар қызметі, әскери қызметкерлер) жұмылдырылған. 14 желтоқсан күні сағат 23:00-дегі жағдай бойынша құтқару бөлімшелері Қордай ауданындағы алты жылу орталығында орналасқан 1279 адамды құтқарып, қауіпсіз жерге көшірді» деп хабарлады әкімдік.
Шу ауданында жойқын жел мен дымқыл қар салдарынан электр желілері үзіліп, тіректері құлаған.
«Төтенше жағдайға байланысты Шу-Отар учаскесінде әрқайсысында орта есеппен 500-700 адам бар 11 жолаушылар пойызы тоқтап тұр. Жолға шығуды күтіп тұрған 12 жүк пойызы бар. Облыстың төрт ауданындағы 32 елді мекенде 8 882 абонент жарықсыз қалды» деп хабарлады мекеме.
Қазір желдің екпіні 45 м/с жетеді. Синоптиктердің болжауынша, дәл осындай ауа райы сақталып, алдағы күндері де 30 м/с жел соғады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық