Жамбыл облысында теміржол қозғалысы қайта жанданды

cover

Қазіргі уақытта тоқтап тұрған учаскелердегі жолаушылар пойыздарының қозғалысы қайта жанданды.

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарлады.

Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін облыстың теміржол учаскелеріндегі пойыздар қозғалысы жылдамдығына шектеу белгіленген.

Мекеме ауа-райы жақсарғанға дейін кідірістер мен пойыздар кестесіндегі өзгерістер туралы хабарлады.

Кешігулер мен тоқтатулар туралы ақпаратты 1433 тегін нөміріне қоңырау шалу арқылы алуға болады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар