Жамбыл облысында ұрылар дәмхана жабдықтарын тонаған
Жамбыл облысында жарылыс болып жатқан кезде, қалың жұрттың дүрбелеңін пайдаланған ұрылар жол бойында орналасқан дәмхананың жиһаздары мен басқа да заттарын қолды қылған.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Аймақтағы дүрбелеңді пайдаланған ұрылар азық-түлік пен бағалы заттарды ұрлаумен айналысқан. Кешен иелері жоғалған заттардың құнын есептеуге кірісті. Олардың айтуынша, ұрлаған жиһаздар мен техниканы қайта орнына қою мүмкін емес.
— Бұл біздің бизнестің екінші бөлігі еді. Міне, түгі қалмай бұзылыпты. Жарылыс қатты болды. Төбесі құлайын деп тұр, – дейді облыс тұрғыны Жанна Назарбекова.
Таразға жарылыс салдарынан бас сауғалаған үш ауылдың 600-ден астам тұрғыны көшірілген.
— Үстіміздегі бар киіммен қаша жөнелдік. Алғашында жер сілкініп жатыр екен деп ойладым. Әскери бөлімде жарылыс болады деген ой үш ұйықтасам, түсіме кірмепті, – дейді Бейсен Жүзгенбаев.
Бүгінде Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккендердің саны 100-ге жуықтағы. Апат кезінде қайтыс болған адамдардың саны арта түсуде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық