Жамбыл облысында полиция майоры қылмыстың ашылуын «арттыру» үшін есірткі сатты
Фото: gov.kz
Жамбыл облысында полиция майоры есірткіні заңсыз сақтағаны және сатқаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Жамбыл облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты хабарланғандай, қылмыстық іс бойынша полиция қызметкеріне ҚК 297 бабының 3-бөлігі 3, 4-тармағы «лауазымды адам өзінің қызметтік бабын пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде есірткіні заңсыз алу, тасымалдау, сақтау, өткізу» бойынша іс қозғалды. Үкімді ауырлататын мән-жай ретінде берген антын бұза отырып, қылмыс жасау қарастырылды.
Сотталушы қылмыс жасаған кезде желілік полиция бөлімінің есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің бастығы қызметін атқарған. Ол бұрын бірнеше рет сотталған Тараз қаласының тұрғынын тауып, сол арқылы есірткі сатқан.
«Есірткі арналарын анықтау, ашу және жолын кесу бойынша тиімділік көрсеткіштерін жасанды түрде арттыру мақсатында Щ. арқылы одан әрі үшінші тұлғаларға сату үшін салмағы 1080,03 грамм болатын «кептірілген марихуана» есірткі затын кейін «қылмысты ашқан болып» ұстау үшін заңсыз сатқан» делінген сот материалдарында.
Сотталушы өз кінәсін мойындамады, бірақ ол қылмыстық істің дәлелдемелері мен материалдары арқылы расталды.
Сот қаулысында жас балаларының болуы қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырылды.
«Қылмыстық қудалау органының тұжырымдары дәлелденген және негізді деп танылмағандықтан, сот «лауазымды тұлға өзінің қызметтік бабын пайдалана отырып, есірткі затын заңсыз сату, тасымалдау» айыбы алынып тасталды. Сот үкімімен М.-ге Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, «полиция майоры» арнаулы атағынан айыра отырып, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
- Жол үстінде есінен танып қалған жүк көлігі жүргізушісі құтқарылды
- Бавария 105 гол соғып, өз рекордын жаңартты
- Авиотын қымбаттады: Әлем және Қазақстан нарығы қандай жағдайда?
- Үш келі сынапты 100 млн теңгеге сатпақ болған түркістандық ұсталды
- Қазақстан үшін ғарыш — тек ғылыми сала емес, ұлттық мақтаныш, стратегиялық даму бағыты
- ХҚКО-лардың қызметі азайып, бәрі онлайн форматқа өтіп жатыр
- АҚШ пен Иран келіссөздерді уақытша тоқтатты: Бітімгерлік келісім аяқсыз қалды
- Қырғызстандық спортшы 190 тонна болатын сегіз вагонды 6,5 метрге сүйреді
- Түнде Астанадағы өрттен үш бала қаза тауып, әйел ауруханаға түсті
- Мемлекет басшысы еліміздің православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады
- Алматылық мектеп оқушысы БҰҰ-да ауадан су өндіру технологиясын таныстырды
- Қостанайда тірі адамның қолына «қайтыс болғаны» туралы күәлігін ұстатқан
- Алматы облысында 20 келі есірткімен ұсталған екі адам 9 жылға сотталды
- Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи-мәдени құндылығы зор құжат берді
- Адамдарды сиырмен салыстырған «ұстаз-блогер» айыппұл арқалады
- АҚШ пен Иран келіссөздері басталды: Тараптардың талаптары қатаң
- Тоқаев Бұхара қаласына келді: Стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективасы талқыланады
- Израиль мен Ливан атысты тоқтату жөніндегі келіссөз күнін белгіледі
- Ұлттық банк валюталық бақылауды күшейтіп, жаңа ереже енгізеді
- Иран мен АҚШ арасындағы бітімгерлік келіссөздер өте ме?