Жамбыл облысында полиция қызметкері көз жұмды
Фото: Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі
Жамбыл облысындағы жол апаты салдарынан бір полиция қызметкері қаза тауып, тағы біреуі ауруханаға жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Қайғылы жағдай кеше, 11 ақпан күні сағат 19.40-та «Алматы-Ташкент» автожолының 203 шақырымында болған. Volkswagen Passat маркалы автокөліктің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген патрульдік автокөлікпен соқтығысады. Апат салдарынан қызметтік көлікте болған екі полиция қызметкері түрлі жарақаттармен Қордай орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Алайда Жамбыл облысы ПД патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Үшкемпір Абай жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Полиция аға лейтенанты Абай Үшкемпір ішкі істер органдарында 2017 жылдың 14 желтоқсанынан бастап қызмет атқарған.
Жамбыл облысының полиция департаменті полиция қызметкерінің туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық