Жамбыл облысында наубайхана тоналды
Ұрылар наубайханадан шығарылған жабдықтарды металл сынықтары ретінде арзан бағаға өткізіп жіберген.
Оқиға мереке қарсаңында болған. Наубайхана иесінің жоқтығын пайдаланып, екі ер адам құны 15 миллион теңге тұратын қымбат құрал-жабдықтарды түгелдей ұрлап кеткен.
«40 жастағы кәсіпкер полицияға ұрлық туралы арызбен жүгінген. Ер адам 2021 жылдан басқа жақта болғандықтан кәсіпорын жабық тұрған. Ағымдағы жылдың 16 наурызында іссапардан келген наубайхана иесі 15 000 000 теңгенің мүлкінің жоғалғанын анықтады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер кінәсін мойындаған 18 және 21 жастағы Жамбыл облысының тұрғындарын анықтап, ұстады» деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Металл сынықтарын қабылдайтын пунктке небәрі 60 мың теңгеге қымбат құрал-жабдықтар қабылданған болып шықты. Күдіктілер қамауда, іс жүзінде 188-баптың 4-бөлімі «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұрылардың мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық