Жамбыл облысында мердігер компания кесірінен малдар мертігуде
Үшбас ауылында су құбырын тартып жатқан мердігер қазған орға мал құлап, шыға алмай қалды.
Үшбас ауылының тұрғындары ауылға су құбырын жүргізген мердігер компанияға шағымдануда. Олардың айтуынша, мұның бәрі 1 шілдеде таңертеңгі уақытта болған. Таңғы алтылар шамасында адамдар малдарын өріске шығарады, бірақ кейбір малдарды қазу жұмыстарынан кейін пайда болған шұңқырдан шығаруға тура келді. Енді ауыл тұрғындары малдың орнына техниканың, тіпті адамдардың өзі шұңқырға түсіп кетуі мүмкін деп қорқады.

«Мен мердігерді түсінбеймін: жұмыс неге дұрыс жүргізілмеген? Неліктен мен өз өмірімді қатерге тігуім керек? Неліктен мен шаруашылығым үшін алаңдауым керек? Ұлым үшін де, күнде аулаға кіріп-шығатын техника үшін де? Менің ұлым көлік жүргізеді. Ал егер де ұлым немесе техника шұңқырға түсіп кетсе, кім жауап береді? Мен өтініп тұрған жоқпын, жұмыстың сапасын талап етемін. Қаржы мердігердің қалтасынан шықпайды, мемлекет төлейді», – деп күйінеді Кенжекүл Сәрсекова.
Әйел мемлекет осы жұмыс үшін 220 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсағанын анықтаған. Ол жұмыстың қалай болса солай жүргізіліп жатқанына сенімді. Ал мердігер болса интернетте керемет атқарылған жұмыс туралы есеп жариялап үлгерген.

Orda.kz тілшісі мемлекеттік сатып алу порталын ақтарып, Үшбас ауылындағы су желілерін тартуға бөлінген қаржыны анықтады. Ашық мәліметтерге сүйенсек, «АлмазПроектСтрой» ЖШС-не ауылдағы су желілері құрылысына қадағалау жүргізу үшін 2 млн, «АКГЕМ-СТРОЙ» ЖШС-не техникалық қадағалауға 5,4 млн теңге бөлінген.
Су құбыры құрылысының өзіне шамамен 176,5 млн теңге бөлініп, бұл ақшаны «Әлем-құрылыс корпорациясы» ЖШС алған. Жұмысқа тапсырыс беруші «Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі екен.
Ауыл тұрғындарының арыз-шағымдарынан кейін облыс әкімдігі болып жатқан жайтқа қатысты әрекет жасауды бастады. Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі Нұр-Мұхамед Ниязбеков болып жатқан жайтқа құқықтық баға беру үшін өңірге комиссия жіберілді деп сендірді.
Автор: Исламбек Дастан
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық