Жамбыл облысында мектеп оқушысын өлтіргендер 11 жылға сотталды
Мерке ауданы Сарымолдаев ауылында бір топ қатарластары 16 жасар жасөспірімді өлтіріп қойды. Оқушының басынан жез тұмсықпен (кастет) ұрып, ол оқиға орнында көз жұмды. Оны өлтірген кәмелетке толмағандар 11 және тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қылмыстық іс Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Айыпталушы орнында кәмелетке толмаған екі бала: Асланбек Серікбай мен Қуаныш Бегнәлі отырды. Оларға бұзақылық жасады және мектеп оқушысы Артём Садыковты өлтірді деген айып тағылды.
Кәмелетке толмаған сотталушылар мен Артём Садыков арасындағы жанжал 2024 жылдың мамыр айында болған. Іс материалдарына сәйкес, Асланбек Серікбай Қуаныш Бегнәлінің талабы бойынша жез тұмсықтармен қаруланып, Артёмның желкесінен ұрып, қашып кеткен. Алған соққыдан жеткіншек сол жерде көз жұмды.
Прокурор әрбір айыпталушыны тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Зардап шеккен тарап бұл жігіттерді қатаң жазалауды өтінді. Олардың өздері кінәларын жартылай мойындады.
Қылмыстың бастамашысы болған Қуаныш Бегнәлі 11 жылға, Асланбек Серікбай тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, сот әрбір сотталушының заңды өкілдерін жәбірленуші тарапқа 10 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өтеуді міндеттеді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ және оған шағымдануға болады.
Жаңалықтар
- Тоқаев: Озық технологиялар еуразиялық интеграцияның қуатты катализаторына айналуы керек
- Жангелдиндегі отбасы өлімі: Туыстары бірнеше ай бойы марқұмдармен хат жазысқан
- «Есімімді кірлетуге жол бермеймін»: Михаил Шайдоров жалақы дауына қатысты мәлімдеме жасады
- Қазақстан халықаралық деңгейде «+7» телефон коды бойынша тең құқықты мәртебесін бекітті
- Атырау облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
- Қазақстан Ресейдің қазақтар көп тұратын өңірлеріне мектеп салады
- Тағы бір «Палау орталығы» өртенді, бұл жолғысы Астанада
- Дубайда өмір бойына сотталған қазақстандыққа қатысты тың дерек шықты
- Сот процесінде Сұлтан Сәрсемалиевтің ата-анасының сөзі тыңдалды
- Қай маман иелерінің жалақысы 2,5 есеге дейін өсіп, үкіметтен қолдау көреді?
- Атырауда жасөспірім қатысқан оқиға бойынша төрт адам жауапқа тартылды
- «Сүйісейік» деп тиіскен: Мас ер адам автобуста қыздардың мазасын алды
- Ұлттық банк жаңа 500 теңгелік банкнотты көрсетті
- Тоғызыншы сынып оқушысы 20 жастағы жігітті өлтірді деген күдікке ілінді
- Талғар ауданында автобус пен Камаз соқтығысты
- Астанада адам ұрлаған алты шетелдік 8 жылға дейін сотталды
- АҚШ-та миллиардер Джефф Безостың алып зымыраны жарылды
- Алматыда балаларға арналған тегін көз скринингі өтеді
- Жамбыл облысында жедел әрекет ету арнайы жасағының инспекторы өзіне қол жұмсады
- АҚШ пен Иран Ормуз бұғазын аша тұрып, бітімді ұзартуға келісті