Жамбыл облысында электронды темекіге бола адам өлтірген жасөспірім сотталды
Фото: freepik.com
Жамбыл облысында кәмелетке толмаған жасөспірім бұзақылық ниетпен адам өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Іс материалдарына сәйкес, осы жылдың қыркүйегінде жасөспірім мен жәбірленуші арасында электронды темекіге бола жанжал туындаған. Сол сәтте айыпталушы марқұм жігітке пышақ жарақатын салған.
Сот айыпталушының кәмелетке толмағанын жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырды. Сондай-ақ, айыпталушының заңды өкілінен моральдық зиян үшін 8 миллион теңге өндірілді.
Айта кетейік, 6 желтоқсанда Астанада жасөспірім көпқабатты үйдің кіреберісінде тұрған балалар арбасын өртеп жіберді. Өрттің тез таралуы салдарынан 11 жастағы бала көміртегі тотығына уланып, қайтыс болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық