Жамбыл облысында ірі кәсіпкер қаңтардағы тәртіпсіздікті ұйымдастырды деп күдіктелуде
Ол облыс әкімдігі мен «Нұр Отан» партиясының ғимараттарына жасалған шабуылдар кезінде дауыс зорайтқыш арқылы қатысушыларға нұсқау беріп отырған.
Бұл туралы облыс прокурорының орынбасары Нұрбек Ұласбекұлы мәлімдеді.
— Облыстық әкімдік пен «Нұр Отан» партиясы ғимараттарына шабуыл жасау кезінде ол дауыс зорайтқыш құрылғыларды пайдаланып, жан-жақты нұсқаулар берді. Үйлестірушілер жастарды шағын аудандарға жақын елді-мекендерден шақырып, жинады. Оларға кәмелетке толмағандар да қосылды. Ұсталғандардың 85%-ы 29 жасқа толмағандар, - деді ол.
Прокурордың орынбасары ұйымдастырушылар жастар арасында танымал мессенджерлер мен әлеуметтік желілерді пайдаланып, нақты нұсқаулар беріп, жалған патриоттық үндеулермен тұрғындардың сезіміне селкеу түсіргенін атап өтті.
Шабуылға қатысушылар полиция ғимараттарын басып алу кезінде олардан 840 қару ұрланған.
— Бүгінгі күні 237 қару табылып, тәркіленді, тағы 603 қару жұрттың қолында. Қарулы топ қаланың қалыпты өмірін бұзып, қылмыс жасау арқылы бейбіт тұрғындарды қорқытуды көздеген, - деп қосты ол.
ҰҚК ғимаратына шабуыл жасау кезінде оларға тойтарыс берілді. Тәртіпсіздік кезінде барлығы 277 тәртіп сақшысы зардап шегіп, екеуі қаза тапты, кейбірі ауыр жарақат алды.
Қаңтар оқиғасы басталғалы бері ішкі істер органдарына 1586 адам жеткізілген. Оның 587-сі төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 908-і үйлеріне шығарылған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық