Жамбыл облысында егіс алқабын суару алтын бағасымен бірдей
Байзақ ауданының прокуратурасы диқандарға егіс алқаптарына қажет су тарифінің шектен тыс көтерілгенін анықтады.
Аудан прокуратурасы суармалы судың шаруаларға делдалдар арқылы жеткізіліп, белгіленген нормадан төрт есеге жуық қымбатқа түскенін анықтады. Сөйтіп, диқандар бір гектар беде үшін 8 мыңнан 10 мың теңгеге дейін төлеуге мәжбүр болған. Маусым кезінде мұндай алқапты кем дегенде 4-5 рет суару керек, бұл ауыл тұрғындарының қалтасына ауыр салмақ екені белгілі.
Айта кетерлігі, Байзақ ауданында бір шаруа қожалығы мен жеті ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылған. Олар егіндерін суару үшін суды «Қазсушаруашылық» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл филиалынан сатып алып, заңсыз (уәкілетті органда монополия субъектісі ретінде тіркеусіз) шаруалар мен кәсіпкерлерге қайта өткізген. Әрине, олар өз бағасын белгілейді.
«Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен норма бойынша 1 гектар беде алқабын маусым бойы жүйелі суару үшін 16 800 текше метр су қажет, бұл ақшалай есептегенде судың бір текше метрі бекітілген 70 тиын мөлшерлемесі бойынша 11 000 теңге болады. Алайда өнімсіз делдалдар бір гектар беде алқабы үшін 8 мыңнан 10 мың теңгеге дейін алған. Осылайша, бір маусымдық кезеңде беде 4-5 рет суарылған кезде төлем мөлшері 40 мың теңге шамасында болады, бұл бекітілген тарифтен (70 тиын) шамамен 3,5 есеге жоғары», - дейді Байзақ ауданының прокуроры Жандарбек Сұлтанбекұлы.
Тексеріс қорытындысы бойынша Байзақ ауданындағы «Қазсушаруашылық» кәсіпорнының өндірістік учаскесінің басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оған сөгіс жарияланды. «Қазсушаруашылық» РМК Жамбыл филиалының басшысы Ерлан Өтегенов бұл істі жоққа шығармады. Оның айтуынша, барлығы заң аясында болған.
Айтуынша, филиал ауыл кооперативтері әрі қарай шаруа қожалықтары мен шаруаларға су жеткізуге дайын болса, олармен келісім-шарт жасасуды қарастырады. Алайда, сол заңнамаға сәйкес баға филиалдың тарифінен, яғни 1 м3 үшін 0,7 теңгеден аспауы керек. Заң бұзушылықтар анықталған соң, Байзақ ауданының шаруалары суармалы суды белгіленген бағамен қайтадан сатып ала алатын болды.
Исламбек Дастан
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық