«Жамбыл облысында босанған оқушы»: Қарындастарын зорлаған 2 ер адам сотталды
Фото: freepik.com
Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында бауырының қызын 6 жасынан бастап зорлаған екі ер адам сотталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Зорлық көрген қыз қазір — 13 жаста. Қыздың әкесінің бауырлары 6 жыл бойы оны зорлап келген. Сотталушылардың бірі — 35 жаста, екіншісі — 37 жаста. Ағаларының зорлық көрсетіп жүргені қыз жүкті болғаннан кейін ғана белгілі болды.
Қыз бала 13 жасында ана атанды.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева бұған дейін қыздың жағдайы туралы баяндаған еді.
«Жақында мен Жамбыл облысына барып, көп жылдық зорлық-зомбылықтан кейін 13 жасында бала босанған қызды көрдім. Зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалардың көбі оларға қарсы қылмыс жасалып жатқанын түсіне бермейді. Олар барлық отбасындағы балалар осылай өмір сүреді деп ойлайды», – деді Зәкиева.
Сот қарындасын зорлағандардың бірін өмір бойына бас бостандығынан айырды. Ал екіншісі 20 жылға түрмеге тоғытылды.
Жәбірленуші қыз оқыған мектеп қызметкерлеріне қатысты оқушының өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін қылмыстық іс қозғалды. Олар мектепке келіп жүрген жүкті оқушының жағдайына дер кезінде назар аудармаған.
Бұған дейін заңгер Ләззат Рақышева жәбірленуші қызбен кездескенін, оның құқығын қорғайтынын айтқан еді.
Сотта 13 жастағы қыздың құқығын Ләззат Рақышева, Айман Омарова, Ғалымжан Жолдасбаев қорғады. Заңгер Ләззат Рақышева Orda.kz тілшісіне іске қатысты пікірін айтты.
«Екеуі де қылмысын мойындады. Прокурор екеуіне 20 жылдан сұраған. Біз келіспедік. Соңғы зорлаған Нұрланов өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Махамадиевке 20 жыл берілді. Нұрланов соңғы сөзінде «Мені өлтіре салсаңдаршы» деді. Істеген қылмыстарына өкініп отыр. Отбасылары болған. Қазір ажырасып кеткен», - деді заңгер.
Ләззат Рақышева жас ананың психологиялық күйі нашар екенін айтты. Оқушы қыз өмірге қыз бала алып келген. Алайда сәбидің денсаулығында кінәрат бар екен.
Ләззат Рақышева Human Rights Lawyers қоғамдық қорының «One-Stop-Service - Бір қадам» жобасы негізінде жас қыздың құқығын қорғағандарын айтты. Бұл жобаны қолдап отырған ҚР президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» екен.
Айта кетейік, Түркістанда 13 жастағы бала 2-сынып оқушысын зорлады деген күдікке ілінді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық