Жамбыл облысында 68 адам қар құрсауынан құтқарылды
ҚР ТЖМ
Өткен түнде облыста ауа райы күрт нашарлап, республикалық және облыстық маңызы бар бірнеше тас жол бірден жабылды.
Нақтыланған мәліметтер бойынша, облыс жолдарында 68 адам қар құрсауынан құтқарылды. Құтқарушылар түні бойы жұмыс істеді.
«11 ақпанда сағат 01:00-ден 06:30-ға дейінгі аралықта Күйік - Қарабастау - Қаратау және Қаратау - Жаңатас жолының екі учаскесінде қар құрсауында қалып қойған 12 автокөлік шығарылып, жақын маңдағы елді мекендерге жеткізілді. Құтқарылған адамдар ішінде тоғыз бала бар. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында олардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болған жоқ» деп хабарлады Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Облыстың Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға ауа райының нашарлағаны туралы SMS х арқылы хабарланғанын түсіндірді. Бірақ адамдар жол қызметкерлері мен құтқарушылардың ескертулеріне қарамастан, ұзақ сапарға шығып, салдарынан өздерінің және басқа адамдардың өміріне қауіп төндірді.
«Құрметті азаматтар, қолайсыз ауа-райында елді мекендерден тыс сапарға шығу қиындыққа әкелетінін еске саламыз. Ұзақ сапарды кейінге қалдырыңыз. Қажет болса, оқиға туралы дереу 101 және 112 нөмірлеріне хабарлаңыз. Қауіпсіздік ережелері туралы толығырақ DARMEN тегін қосымшасынан біліп отырыңыз» деп еске салды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық