Жамбыл облысында 4 мекеме басшыларына айыппұл салынды
Жамбыл облысындағы 4 мекеме басшыларына айыппұл салынды. ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне экономикасын монополиядан арылту жөніндегі реформалар жасалып жатқан жұмыстары бойынша сұрау хат жолданған болатын. Сұрау хатқа жауап келді.
- Жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттері бойынша 4 тергеп-тексеру жүргізілді. Жүргізілген тергеп-тексерулер нәтижесінде департаментпен 4 мекемеге басшыларына қатысты КР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 163-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалып, әрқайсысына 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 875 100 теңге әкімшілік айыппұл салынды. Лауазымды тұлғалар қысқартылған әкімшілік іс жүргізу тәртібімен көрсетілген соманың 50 пайызын төледі, - делінген жауапта.
Айыппұл салынған мекемелер: «Жамбыл ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ, «Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі», «Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» және «Бауыржан Момышұлы ауылы әкімінің аппараты» КММ.
Тауарды сату кезінде әртүрлі бағаларды қолдану бөлігінде 2 тергеп-тексеру - «Тараз Металл Инвест» ЖШС және «Тараз қант зауыты» ЖШС. «Тараз Металл Инвест» ЖШС-не қатысты тергеу нәтижелері бойынша мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен 1 521 823 теңге көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бүгінгі күні айыппұл толық көлемде төленді.
«Тараз қант зауыты» ЖШС-не қатысты жүргізілген тергеп-тексеру қорытындысы бойынша материалдарды құқық қорғау органдарына беру туралы шешім қабылданды, материалдар қайтарылған жағдайда, департамент бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығара отырып, әкімшілік іс қозғайды.
Бүгінгі күні тергеп-тексеру ісі жүргізіліп жатыр: Дизель отынын өткізуді шектеу бөлігінде 1 тергеп-тексеру - ТК «Нұров», ТК «Мухиев», «ТаразПетролСервис» ЖШС, «Бизнес-Ойл» ЖШС және «Эврика Нефтепродукт» ЖШС қатысты. Тергеп-тексеру аяқталу сатысында. Цементті сату кезінде әртүрлі бағаларды қолдану бөлігінде 1 тергеп-тексеру - «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС-не қатысты.
Дизель отынын өткізуді шектеу бөлігінде 1 тергеп-тексеру - ЖК Нұров, ЖК Мухиев, «ТаразПетролСервис» ЖШС, «Бизнес-Ойл» ЖШС және «Эврика Нефтепродукт» ЖШС қатысты.Цементті сату кезінде әртүрлі бағаларды қолдану бөлігінде 1 тергеп-тексеру «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС-не қатысты. Лоттарды бөлу жолымен конкурстардың қорытындыларын бұрмалау бөлігінде картельдік келісім белгілері бойынша 1 тергеп-тексеру - «Аяна» және «Тұяқбаева» ЖК-леріне қатысты. Монополиялық жоғары бағаларды белгілеу, ұстап тұру бойынша 1 тергеп- тексеру (Кодекстің 174-бабы 1) тармақшасы) - «Аспан Энерджи» ЖШС-не қатысты. Монополиялық жоғары бағаларды белгілеу, ұстап тұру бойынша 1 тергеп- тексеру - «Казфосфат» ЖШС-не қатысты.
Исламбек Дастан
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық