Жамбыл облысында кімдердің марапат алғаны белгілі болды
Бүгін Тараз қаласы, Баласағұн мәдениет сарайында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай салтанатты жиын өтті. Жиынның құрметті қонағы болып ҚР мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев қатысты.
Жиындағы алғысөзді Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаев алып, өзінен кейін Қырымбек Елеуұлына сөз берді.
«Ғылыми техникалық кардиохирургия және трансплантология» орталығының директоры, дәрігер Сейітхан Жошыбаев 3 дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.
Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы, зейнеткер Серғали Айдапкелов «Құрмет» орденімен марапатталды. Сондай-ақ, Байзақ ауданы әкімі Бақыт Қазанбасов «Ерең еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Жамбыл облысы Байзақ ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов карантин кезінде 60 жасқа толған мерейтойын тойлағаны үшін шенеунік сын астында қалған болатын.
Еске салсақ, аталған факт бойынша Байзақ ауданының әкімі Б.Қазанбасовтан түсініктеме алынып, Жамбыл облысы әкімінің 2021 жылғы 3 тамыздағы №173-Ж/Қ өкімімен Б.А. Қазанбасовқа қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. Қазанбасовқа ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425 бабымен 87 510 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Жамбыл облысы әкімі апаратының басшысы болған Қанатбек Мәдібектің әкесі Қайшыбек Мәдібек «Құрмет» орденімен, ал Жамбыл облысы мәслихат депутаты Досбол Жылқыбаевтың әкесі Мәлікомар Жылқыбаев «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Екі азаматқа ұсыныс білдірген Сарысу ауданы әкімі Марат Сұлтанғалиев.
Жиын аяғында «Talim TV» телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабек «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды
Автор: Исламбек Дастан
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық