Жамбыл облысын еріген қар суы басты
Сурет: ҚР ТЖД
Облыстың бірнеше ауданында таңертеңнен бері еріген суды сору жұмыстары жүріп жатыр.
Т.Рысқұлов ауданының тау бөктеріндегі ауылдардың бірін лайлы су басып қалды. Көшелер мен аулаларға су жайылып кетті. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, тұрғын үйлер зардап шеккен жоқ. Қазір учаскеде 60 адам жұмыс істеп, төрт мотопомпаның көмегімен сору жұмыстары жүргізілуде.

«Осындай жағдай Шу ауданында да бар, жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар өкілдері жұмыс істейді. Аулалардан су тартылып жатыр. Сарысу ауданында да ауладан су сору жұмыстары жүргізілуде. Барлығы бақылауда» деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.
Байзақ ауданының бір ауылында да көшені су басып, ауданның төтенше жағдайлар қызметкерлері құбырды тазалағаннан кейін су кетіп қалған. Төтенше жағдайлар министрлігінің түсіндіруінше бұл жағдай өткен түнде Жамбыл облысындағы жауын-шашын, қар мен жаңбыр салдарынан орын алған.

Қазгидрометтің хабарлауынша, 4 ақпанда Қазақстанның оңтүстігінде дауылды ескерту жарияланады. Жетісу, Алматы, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады.
Жаңалықтар
- Жұмыс күші жетіспейтін өңірлерге қоныс аударғандарға 7 миллион теңгеге дейін төленеді
- Алматы маңында жер сілкінді
- Сурхандарияда қызын қорлап, нәжіс жеуге мәжбүрлеген әкеге қылмыстық іс қозғалды
- Елімізде небәрі 240 адам тұратын ең аз ұлт қайсы?
- «Семей орманы» резерватындағы ірі өрт екі аптадан кейін толық сөндірілді
- Жарты жылда жеті адам қаза тапты: Жамбыл облысында өндірістегі жазатайым оқиғалар неге әлі де тоқтамай тұр?
- Футболдағы әлемдік жанжал: Трамп күйеу баласы арқылы додаға қол салды
- Жапониядағы күшті жер сілкінісінен 13 адам қаза тапты, дүмпулер қайталануы мүмкін
- АҚШ пен Сауд Арабиясы Ирактағы Иран қолдайтын террористік нысандарға соққы берді
- Трамп пен Зеленский Ақ үйде жабық кездесу өткізді
- Вице-министр Астанадағы су тасқыны туралы: «Табиғаттан құдыретті емеспіз»
- ЖИ мәтінін тексермей оқи салған депутатты халық отставкаға кетсін деп жатыр
- «Баламның балалық шағын жоқ қылды»: Ақтаудағы стоматологиялық емнен кейін 4 жасар бала жағынан айырылды
- Дастан Сәтбаев «Челси» сапында алғашқы голын 6-минутта-ақ соқты
- Түрмеде қап тіккен «Атамекеннің» бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты
- Бектенов Алматы облысы әкіміне: «Сізді тыңдасақ – өзіңізден басқаның бәрі кінәлі екен»
- Түркістан облысында мәслихат депутатына қатысты Қытай азаматының арызы бойынша тексеру жүріп жатыр
- Желі мәдениеті: Тоғыз треш-стример жауапкершілікке тартылды
- «Орда», Ninety One және Қайрат Нұртастың әндерінің авторы Сержан Бақытжанұлы қайтыс болды
- Астана полициясы көші-қон қызметі басшысының орынбасары ұсталды – БАҚ