Жамбыл облысы: жаңа жыл мен Тәуелсіздік күніне бөлінген қаржы көлемі қандай?
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен жаңа жыл мерекесіне орай Жамбыл облысындағы мерекелік іс-шараларға қанша қаражат жұмсалатыны белгілі болды.
Orda.kz сайтының облыстағы меншікті тілшісі аудан әкімдеріне сұрау хат жолдап, аталған мерекелерге кететін бюджет шығыны туралы ақпарат алды.
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа жолдаған сауалға әкімдіктен жауап келді, бірақ онда нақты шығындар көрсетілмеген. Десе де өзге аудандар мен облыс орталығы Тараз қаласына жіберілген сауалдардың жауабы қолымызға тиді.
16 желтоқсан және 1 қаңтар мерекелеріне қарастырылған қаражат
Жамбыл ауданы: Тәуелсіздік мерекесіне орай 300 000 теңге , жаңа жылдық мерекеге орай безендіруге 2 млн теңге қарастырылған.
Байзақ ауданы: Екі мерекеге бас-аяғы 3 млн теңге;
Жуалы ауданы: 22 іс-шара ұйымдастырылады, оның төртеуіне ғана қаражат сұралған екен. Тәуелсіздік күніне орай 900 мың теңге, ал жаңа жылға 700 мың теңге;
Талас ауданы: Екі аудандық байқауға 650 000 теңге;
Сарысу ауданы: Қос мерекеге жалпы сомасы 4 962 000 теңге;
Тұрар Рысқұлов ауданы: Тәуелсіздік күніне 190 000 теңге, жаңа жылдық мерекеге 250 000, әр балаға 25000 теңгелік сыйлық таратпақ екен.
Меркі ауданы: Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай айтыс пен басқа да іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Аталған іс-шараларға 2 млн 555 мың теңге қаражат, 2021 жылдың 1-қаңтар Жаңа жылдық мерекелік іс-шараға 500 мың теңге қаражат қарастырылғанын хабарлады. Ал, аудандық ішкі саясат бөлімінен «қаражат көзі жоқ» деген қағаз келді.
Қордай ауданы: Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 2 млн 696 мың теңге, ал жаңа жылға 1 320 000 теңге;
Шу ауданы: Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 200 000 теңге, 1 қаңтар жаңа жыл меркесіне 300 000 теңге;
Мойынқұм ауданы: 16 желтоқсанған 150 мың теңге, 1 қаңтар жаңа жыл меркесіне 1 млн. теңге;
Тараз қаласы: Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, яғни 15 желтоқсан күні өтетін мәдени іс-шараға 3 млн теңге, ал жаңа жыл мерекесіне қаржы қарастырылмағанын хабарлады.
Исламбек Дастан, Жамбыл облысы
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық