Жамбыл облысы әкімдігінің қызметкері «кезексіз баспана рәсімдеймін» деген уәдесі үшін сотталды
Фото: freepik.com
Жамбыл облысында Қордай ауылдық округі әкімдігінің бұрынғы қызметкері Айман Асқар мен алматылық Аида Жанаева сотталды. Олар бірнеше жыл бойы адамдарға тұрғын үй алуға «көмек көрсетеміз» деп уәде беріп келген, деп хабарлайды Orda.kz.
Тергеу дерегінше, 2019–2025 жылдар аралығында айыпталушылар тұрғын үйді кезексіз рәсімдеу, мүгедектік алу, балабақшаға орналастыру және «қорлардан қаражат шығарып беру» қызметі бойынша көмектесеміз деп адамданға ұсыныс жасаған. Жәбірленушілер оларға жеке куәліктерін, ЭЦҚ-ларын беріп, «қызметтері» үшін қолма-қол немесе онлайн аударым арқылы ақша төлеген. Алайда әйелдер алаяқ болып шықты. Олар алған қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсаған.
Алаяқтардың әрекетінен көпбалалы аналар, мүгедек балалары бар отбасылар және әлеуметтік осал топ өкілдері зардап шеккен.
Сот Аида Жанаеваны 4,5 жылға бас бостандығынан айырды. Алайда рақымшылық туралы заңға сәйкес жаза мерзімі 3 жылға қысқартылды.
Айман Асқарға бастапқыда 4 жыл жаза тағайындалып, кейін жаза 2 жыл 8 айға қысқартылды.
Айта кетейік, Хасан Қасымбаевтың ісі бойынша апелляциялық іс Алматы облыстық сотында тіркелді. Бұл туралы сот кабинеті деректерінде көрсетілген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық