«Жалпы 14-15 млрд»: АЭС құрылысының құны айтылды
Коллаж: Orda.kz
8 тамызда Алматы облысы Үлкен ауылында еліміздегі алғашқы атом электр станциясының құрылысына арналған инженерлік-іздестіру жұмыстары ресми түрде басталды.
Осыған орай өткен іс-шараға Orda.kz тілшілері қатысып, тікелей ақпарат таратып отыр.
Шарада Атом энергетикасы жөніндегі агенттіктің төрағасы Сәтқалиев сөз сөйледі.
«Бүгін біз Ресейлік серіктесіміз – «Росатом» мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп, Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының құрылысына бағытталған инженерлік-іздестіру жұмыстарын бастап отырмыз. Бұл кезең – жоба үшін аса маңызды, себебі ол болашақ станцияны орналастыруға ең қолайлы алаңды анықтап, кейінгі жобалау жұмыстары үшін қажетті инженерлік және геологиялық деректерді жинауға негіз болады», — деді сөз басында Сәтқалиев.
Сонымен қатар ол жобаға инвестициялардың жалпы көлемі 14-15 миллиард долларға жуық болатынын және оның жаһандық стандарттарға сай дамуға сеп болатынын атап өтті.
«Жобаға инвестициялардың жалпы көлемі 14-15 миллиард долларға жуық болады. Сонымен қатар, қосымша 1 миллиард доллар әлеуметтік нысандар мен заманауи инфрақұрылымның құрылысына бөлінбек. Жоба аясында біз қазақстандық кәсіпорындар мен зерттеу ұйымдарының белсенді қатысуына үлкен мән беріп отырмыз. Бұл жергілікті өндірісті жаңа деңгейге шығаруға, мыңдаған жаңа жұмыс орындарын ашуға, ал ядролық ғылымды – жаһандық стандарттарға сай дамытуға мүмкіндік береді», —деді Сәтқалиев.
Сәтқалиев АЭС-ті «атом өнеркәсібін, индустриялық-инновациялық дамуды және ұзақ мерзімді экономикалық өсуді алға жетелейтін стратегиялық жоба» деп атады.
Инженерлік іздестірулердің басталуы дегеніміз – АЭС жобасының қауіпсіздігіне, сенімділігіне және экономикалық тиімділігіне тікелей әсер ететін маңызды кезең.
«Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачёв Қазақстанның дамуы үшін стратегиялық маңызы зор осы жобаны жүзеге асыруға бар тәжірибесін қолдануға дайын екендерін айтты.
Еске сала кетейік, 2025 жылғы маусымда «Росатом» Қазақстандағы АЭС құрылысы жөніндегі халықаралық консорциумның жетекшісі болып айқындалды.
«Үлкендегі инженерлік іздестірулердің басталуы – Қазақстанның заманауи тарихындағы алғашқы ірі қуатты атом электр станциясына бастайтын жолдың алғашқы қадамы. Бұл кезеңде біз алаңның болашақ атом станциясы үшін толықтай қолайлы екеніне сенімді болу мақсатында мұқият зерттеуге баса назар аударамыз. «Росатом» Қазақстанның дамуы үшін стратегиялық маңызы зор осы жобаны жүзеге асыруға бар тәжірибесін қолдануға дайын», – деді «Росатом» басшысы Лихачёв.
Болашақ станцияның негізінде электр қуаты 1200 МВт болатын III+ буынның заманауи ВВЭР-1200 су-су энергетикалық реакторлары орнатылады. Бұл технология ең қатаң халықаралық қауіпсіздік талаптарына сай және қазіргі уақытта Ресей, Беларусь, Түркия, Бангладеш, Мысыр және Қытайдағы қолданыстағы әрі салынып жатқан нысандарда табысты пайдаланылып келеді. Реактордың қызмет ету мерзімі – 60 жыл, қосымша 20 жылға ұзарту мүмкіндігі бар.
Сондай-ақ шарада Үлкен ауылының ақсақалы қол жайып, бата берді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық