«Жалғыз камерада»: Думан Мұхаммедкәрімді қайда ауыстырған белгілі болды
Коллаж: Orda.kz
Orda.kz бұған дейін Думан Мұхаммекәрімді Қызылорда түрмесіне жібергені жайлы жазған болатын. Бүгін әкесі Алмас Тілепов оны іздеп Қызылордаға барып қайтты. Жүздесуге рұқсат берілмеді. Телефонмен тілдесіп қайтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Алмас Тілеповпен бірге белсенді Абзал Достияр Қызылордаға барып, мән-жайды таспалап келді.
Әкесінің сөзінше Думанмен бірге отырған адам оған «қысым түсіп жатқанын» әкесіне айтқан көрінеді.
«Телефонмен сөйлесудің өзіне айқайласып отырып қол жеткіздім. 22 сағат бойы жол жүріп келіп құр қайтқаным осы іске көз тігіп отырған елден ұят қой», - деді Думанның әкесі.
Сонымен олар Думан отырған Қызылордағы 60-шы түрмеге келіп, дәрігермен және түрме бастығымен жолықты.
«Ол ішкі режимді бұзғаны үшін қатаң жалғыз камерада жатыр деді. Телефонмен сөйлестім. Думанның өзін видеодан түр-түсін көрдім. Содан кейін түрменің дәрігерімен сөйлестім. Думанның ауруы жайлы, белінің, бүйрегінің ауыратыны жайлы... Содан кейін басым ауырады деп айтыпты. Олар бәрін томографияға түсіреміз, МРТ-ға түсіреміз, содан кейін ем-домын қабылдаймыз дейді. Думанға көрсетіліп жатқан қысым туралы айтсам, оған түрменің киімін ки, дәретхана жу дейтін көрінеді. Думан оның бәрінен бас тартқан. Ішкі тәртіпке бағынбауына байланысты осындай қатаңдатылған режимге өткіздік деп отыр. Түрменің бастығымен де, дәрігермен де сөйлестім. Ертең адвокаты Ғалым Нұрпейісов келіп жолығады. Осы жақтан да бір адвокат іске қосылды. Келісімімді беріп, қолхатымды жазып беріп кеттім. Ол кісі енді 2-3 күнде бір келіп Думанның жағдайынан хабардар етіп тұрамын деді. Думан жалпы жағдайым жақсы деді. Ауруын білдірмей тұр. Енді келме дейді. Қатаң режимде болған соң тамағын да, темекісін де, суын да қабылдамаймыз деді. Солар кішкене көңілге қаяу түсіріп тұр», - деді Думанның әкесі.
Жаңалықтар
- 2027 жылы ҰБТ-ға балама тест пайда болады
- Алматы жұртшылығы Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
- Тоқаев: Моңғолиямен ортақ тарих біріктіретін біртұтас тамырланған көшпелі өркениет ұрпағымыз
- Қазақстандағы екінші АЭС Мойынқұм деп аталады
- АҚШ пен Иран арасындағы кезекті келіссөз қашан өтеді?
- Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды
- Мексикадағы пирамида маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
- Иран билігі АҚШ-пен келісімге келу үшін делегация жіберді
- Тим Кук Apple компаниясының бас директоры қызметінен кетеді
- Мұхтар Шаханов қайда жерленетіні белгілі болды
- Залал 2 млрд теңге: Петропавлда көлік өтпежолын салуға бөлінген бюджет қаржысы жымқырылған
- Қазақтың біртуар өршіл ақыны Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
- Астанада төрт тонна қауіпті сұйықтық құйылған 200 канистр табылды
- Ақсу қаласында зауытта жұмысшы қаза тапты
- Меркеде шенеуніктер жетім студенттердің ақысын жеген
- Қазақстан мен Моңғолия геологиялық барлау, мұнай өндіру салаларына заманауи технология енгізу туралы келісті
- Моңғолия президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
- Өскеменнің экс-әкімі Жақсылық Омар апелляциялық шағым түсірді
- Үкіметте тротуармен жүретін самокатшылардың мәселесін шешу тапсырылды
- Дубайда 22 жастағы қазақстандық не үшін өмірбақи сотталып, 300 млн айыппұл арқалады?