«Жалған жала»: Orda.kz-ке ақпараттық шабуыл тағы басталды
Фото: kazgazeta.kz
Желіде Orda.kz-ке жаппай ақпараттық шабуыл басталды, боттар мыңдаған түсініктемелер жазады, айыптайды және қорлайды, әлеуметтік желілерде жалған аккаунттар пайда болып, олар «Орда» атынан әлдебір мәлімдемелер жариялап, шабуылды үдете түсті.
Негізінен жалған айыптаулар мен шабуылдар мемлекеттік шенеуніктер мен ҰҚК құпия және айқын қызметкерлерді ұстау туралы Орданың бірқатар жарияланымдарынан кейін басталды. Бастапқыда мемлекеттік құрылымдар хабарламаларды теріске шығаруға тырысты, оларды бақылауындағы БАҚ қолдады, бірақ ол іске аспады.
Сол кезде «белгілі бір құрылымдар» жақында ғана Орда қызметкерлері мен редакцияға рейдерлік шабуыл жасалғанын хабарлады.
Бастапқыда желіде нейрожелілердің көмегімен жасалған бейне және аудио жазбалар пайда болды, онда «Орда» журналистері жарияланымдар мен бас редактор Гүлнәр Бажкенова туралы «айтады».
Бейнеге қойылған жазбада олар мұны Алматыдағы «Орда» кеңсесінде жазғандарын айтып, қызметкерлер басшыны талқылап, ол туралы жаман сөздерді өрбітіп, бас редакторды бәрі Гүлнәр деп атайтынын білмей, Гүлшат деп атаған.
Авторлар бұл жолы діттегендеріне жете алмады, бірақ жалған ақапарат тарап кетті. Дауыстар адамдардың айтқанына өте ұқсас, бірақ бейнеде қолданылған сөздер мен оның сауаттылығы күмән тудырады.
Олар жалған мәтін жасауға асығып, спиритикалық тақтаны әлдебір эзотерикалық тақтамен шатастырып қана қоймай, бұл сөздерді де барынша сауатсыз жазыпты. Orda.kz қызметкерлері бас редакторды тек Гүлнәр деп атайтынын айтпағанның өзінде де шатасулар көп. Тіпті ақырында басылымның жауы да бұл жалған сандыраққа сенбейтіндей күлкілі «нұсқа» шыққан.
Бәлкім, «БАҚ-қа қарсы күрес жөніндегі ерекше бөлімнің» қызметкерлері қателік жасағанын түсініп, басқа әрекетке көшіп, өздерінің бот-бақшасын аямай «Орда» аккаунттарына лақтырған болар.
Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде Oрда атауымен жалған бірнеше аккаунт құрылған, онда басылымның фирмалық белгісін - қара фондағы ORDA ақ жазуын өрескел түрде қолданған.
Мыңдаған, ал кей жерлерде он мыңдаған жазылушыларды жинап, журналистердің «дәйекті дауыстарымен» фейк ақпарат жариялап, боттардан түсініктемелер жинап, бәрін қойыртпақтатып жіберді. Бас редактор Гүлнәр Бажкенованы да, басылым қызметкерлерін де қорлап, ешкімді аямады.
Сонымен қатар, «Орда» қызметкерлеріне бейтаныс нөмірлерден қоңыраулар мен жеделхаттар және басқа да мессенджерлерден алдыңғы жарияланымдардың кейіпкерлері - сыртқы істер министрі Нұртілеу мен бизнесмен Гаджиевке қатысты ақпарат беру ұсыныстары бар хабарламалар қайта келе бастады.
Бұл Orda.kz жұмысын бастағалы басынан кешірген алғашқы ақпараттық дауыл емес, болашақта тағы да көптеген сілкіністер болуы мүмкін.
Біз «Орданы» қорғаштап жатқан оқырмандарымызға ризашылығымызды білдіреміз. Жалған аккаунттардағы өтірік ақпаратқа сенбеуге, ең алымен өз жүйкелеріңізді сақтап қалу үшін оқымауға немесе пікір білдірмеуге, оның үстіне жалған ақпаратқа аудитория мен статистика жасамауға шақырамыз.
Біздің сайттан және келесі ресми аккаунттардан «Орданың» шынайы жаңалықтарын оқыңыз:
Қазақ тіліндегі сайт — kaz.orda.kz.
Орыс тілінде — orda.kz.
In English — en.orda.kz.
Instagram — @ordakazakhstan, @ordanewsenglish
TikTok — @ordakazakhstan_tt
X — @ordakazakhstan_
Facebook — facebook.com/orda.media, facebook.com/ordaqaz/
YouTube — youtube.com/@ORDANews
Жаңалықтар
- Министр: Тұрғын үй бағасының зейнетақы жинағына қатысы жоқ
- Әскерде зорландым деп ақша жинаған адам сотталды
- Енді темекі шегетіндер өкпе обырына тегін тексеріле алады
- Тамыздан бастап Қазақстанда не өзгереді: Жүргізуші куәлігі, жаңа сайлау
- Махамбет Өтемісов атындағы университеттің ректоры ұсталды деген ақпарат тарады
- Дастан Сәтпаев «Челси» сапында дебют жасады
- 31 жастағы ер адам 74 жастағы әйелді пышақтап өлтірді
- Астанада өз бетінше автобус жуып жүрген жігіттің әрекеті мемге айналды
- Нұрай Серікбайдың ісі: Сот алқабилерсіз өтуі мүмкін, жәбірленуші тарап тікелей эфир талап етті
- Жаңа талап: Жүргізуші куәлігін жарамсыз етуге қандай негіз бар?
- Қорапқа салып берді: Жаңа туған үшем Алматы облысындағы ауруханада шетінеп кетті
- Қазақстан қорықтарында 19 орман өрті тұтанды
- Трамп Канададан келетін тауарларға 50 пайыздық баж салығын енгізді
- Тоқаев Испания құрамасын футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен құттықтады
- ӘЧ-2026: Испандар жеңісі үшін гауһар тасты 30 алтын жүзік алады
- Павлодар облысында құдыққа түскен алты адам қаза тапты: Марқұмдардың ең жасы 16 жаста
- Әлем чемпионаты – 2026: Турнирдің үздіктері анықталды
- Месси мен Роналду дәуірі аяқталды: 2026 жылғы әлем чемпионаты несімен есте қалды?
- Ескертуге қарамастан КҚК теңіз терминалындағы мұнай танкеріне тағы шабуыл жасалды
- Венесуэладағы жер сілкінісі құрбандарының саны бес мыңнан асты