Жалған құжатты сапалы жасаймын: Қазақстандағы жерлеу орталықтарының былығы

Зейнеткер, марұм Чегаркинаның жылжымайтын мүлкін жалған құжатпен сенім хат рәсімдеп алаяқтық жолмен сатқан ұйымдасқан қылмыстық топтың соты болып жатыр. Жалған құжат рәсімдеуге байланысты бүгінгі сот отырысында мемлекеттік ахивтің директоры Ботановтан жауап алынды. Кезекті сот отырысына Orda.kz тілшісі қатысып қайтты.
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Жалпы қылмыстық іс бойынша 37 эпизод бар. Бүгінгі сот отырысында 27, 28, 29 эпизод қаралды. Жылжымайтын мүлікке иелік ететін әлеуметтік осал топ өкілдері: жалғызбасты зейнеткерлер, психиатриялық клиникалардың пациенттері, жетімдер, алкогольге тәуелділіктен зардап шегетін адамдар болды. Басқа адамдардың пәтерлерін заңсыз иемдену үшін топ мүшелері тәжірибеден өткен қылмыстық жолдарды пайдаланған.
Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері 22 адам, олардың арасында бұрынғы құқық қорғау органдары қызметкерлері, психиатриялық аурухана бөлімшелерінің меңгерушілері, медициналық сарапшы, нотариустар, риэлторлар, кәсіби алаяқтар, қылмыскер — рецидивистер де бар. Қылмыстық істе кісі өлтіру эпизодтары бар.
Ұйымдасқан қылмыстық топ басшылары Гапарова, Балтабаев және Сатаевқа 2022 жылы қаза тапқан Чигаркина туралы ақпарат келіп түседі. Гапарова жерлеу рәсімін жасайтын орталыққа хабарласып мәйітханаға бірге баруды өтінеді.
«Маған Гапарованың адамдары хабарласты. Біз мәйітханаға барсақ Чигаркинаны жерлеп тастаған екен. Мен Чигаркинаның жерленген жеріне барып тасын орнатып кеттім. Мәйітхана Чигаркинамен туыстықты растау үшін құжат талап етті», - деді Наталия Цой.
Судья осы сәтте жауап берушінің жауаптарына қанағаттанбағанын және мәйітті көрместен жалған құжат жасап адамдарды жерлей береді екенсіңдер деп, сот шешім шығарғаннан кейін жерлеу рәсімдерімен айналысатын орталықтарға шара қолданатынын айтты.
Чигаркинаның Әуезов ауданында бір бөлмелі үй бар еді. Күдікті Сатаев жалған құжат жасап Чигаркинаның үйін Кулиевтің атына жаздыртады. Күдікті Ли Ли Зо мемлекеттің архив директорының қолымен мұрагерлік жасап береді. Осы эпизодқа қатысты жауап беруге Алматы қаласының мемлекеттік архив бөлімінің бастығы Ботанов келді.
«Қазіргі таңда жалған құжат жасаушылар көбейіп кетті, тіпті кейде өз адамның қолы мен өтірік қолды әрең ажыратамын. Мен Чигаркинаның мұрагерлік құжатына қол қоймадым», - деді архив директоры Ботанов.
Осы сәтте судья Ли Ли Зоны орнынан тұрғызып, Ботановты таныйсың ба, деген сұрақ қойылды. Ли Ли Зо танымайтындығын және жалған құжатты сапалы жасайтынын айтты.
И.Гапарова және Болтабаевпен келісе отырып, қылмыстық топ мүшесі Ли-Ли-Зо өсиет жасау туралы тапсырма берген. О.Чегаркина., Е. Овчарованың қылмыстық тобының мүшесі Е.Мельников ұсынған тұлғаның атына, сондай-ақ оның қайтыс болған О.Чегаркинаның мүлкін мұрагерлікке алу құқығын растайтын басқа да қажетті құжаттарды, Ли- Ли-Зо жасап береді.
Ли- Ли-Зо белгісіз құрылғыда Алматы қаласының мемлекеттік мұрағатынан, Алматы қалалық мәдениет басқармасынан мұрағаттық қордың құжаттарында бар екенін растайтын жалған мұрағаттық анықтама жасаған. нотариус Булатова Н.В., О.Мельниковке Алматы қаласы, Әуезов ауданы, 11 ықшамауданы, 32 корпус, 22-пәтер мекен-жайында орналасқан пәтерді мұрагерлікке алу туралы өсиет жасап, сол арқылы құжат жасаған Чегаркина О.-ның жылжымайтын мүлкін мұрагерлікке алу құқығы туралы.
27 эпизод бойынша осы ҰҚТ тың құрбаны болған мектеп мұғалімінен жауап алынды. Бұл мұғалім "Алматы жастары" деген бағдарламамен үй алады. Бірақ алған үйінің құжаттары жалған болып шығады.
«Мен гимназияда сабақ беремін. Мұғалім болып жұмыс істегендіктен "Алматы жастары" деген бағдарламамен үй алмақшы болып конкурсқа қатыстым, конкурстан өттім. Өзімнің жинаған екі миллион теңгем болатын. Отбасы банк маған он сегіз миллион берді. Сөйтіп мен Ринат дегеннен үй алдым. Бір жылдан кейін мені күәгер ретінде жауақа тартуға шақырды. Менің алған үйім кепілде және өмірден озып кеткен адамның үйі екенін білдім. Бұл іске кім жауапты деп Отбасы банкке бардым, олар маған бұл біздің проблемамыз емес деді», - деді мұғалім.
Судья жауап берушіге Отбасы банкін сотқа сүйреп, жауапқа тарту керектігін айтты. Себебі Отбасы банк үйдің құжаттарын тексеруге міндетті.
Жаңалықтар
- Иран АҚШ базаларына шабуыл жасамақшы: Израильге шабуыл жалғасады
- Әлия Молдағұлованың 100 жылдығы дрон шоуымен көмкерілді
- Абай облысында сотталғандардан ақша бопсалағандар жазаларын алды
- Олигархтардан қайтарылған активтерден «Отбасы банкке» 50 млрд теңге бөлінбейтін болды
- Иран Израильдің шабуылынан кейін АҚШ-пен ядролық бағдарлама тұрғысындағы келіссөздердің «мәні жоқ» деп мәлімдеді
- Қазақтың еті, шапаны және жабылатын көшелер: Қазақстан Джей Ло-ның келуіне қалай дайындалып жатыр
- Мердігер анықталды: Қазақстанда АЭС-ті «Росатом» салады
- ҚР ҰҚК: Қорғаныс министрлігінің экс-басшысы Жақсылықовқа қатысты тергеу жүргізіліп жатқан жоқ
- Қазақстандықтар Ираннан Әзірбайжан арқылы эвакуацияланды
- Алматыда рұқсаты бар азаматтардың қаруы тексеріліп жатыр
- Алматы әкімі Bazis-A иесiне сенімді ақтамай отырғанын айтты
- Flydubai Қазақстанға, Ресейге және бірқатар елдерге ұшуларды тоқтатты
- Қазақстан алты елдің үстімен ұшуға тыйым салды
- Тоқаев Трампты туған күнімен құттықтады
- АҚШ Таяу Шығысқа әскери күштерін жөнелтуде
- Иран Израильге жауапты соққы жасады:Тель-Авивке зымырандар атылды
- «Қауіп шиеленісті: Қазақстан СІМ Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады
- Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Қазақстанның су спорты федерациясының бас хатшысы атанды
- Жасырылған құжат: Qazaq Banki-ке ақша салған «ҚазАгро» 21 млрд қаржыдан қалай айырылды?
- Алматы облысында көлік аялдамаға соғылып, екі адам көз жұмды