«Жалақысын бермеген»: СҚО-да фермерді өлтірген жұмысшыға үкім шықты
Фото: Envato
Солтүстік Қазақстан облысында белгілі фермер Азамат Батановтың өліміне қатысты резонансты іс бойынша үкім шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Былтыр Тайынша ауданына қарасты Докучаево ауылында 22 жастағы жұмысшы мас кезінде «Бурбат» ЖШС-нің басшысы, 52 жастағы Азамат Батановты атып өлтірген.
Айыпталушылар орындығында жұмысшы Вадим Орлов пен аса ауыр қылмысты жасырып қалды деп айыпталған Виктор Торгашов отырды.
Былтыр 31 қазан күні Орлов мас болып мылтық алып фермер Азамат Батановтың үйіне барған. Жұмысшы бұрын істеген жұмысына ақы талап етпек болыпты. Ол фермерге 2 рет оқ атып өлтіреді. Екінші айыпталушы танысы кісі өлтіріп жатқанда көлікте отырған. Кейін Орлов оған мылтықты беріп, жасыруды тапсырған.
Сотта 22 жастағы Вадим Орлов 1,3 миллион теңге жалақысы төленбегенін айтты. Жұмысшы фермерден жұмысының ақысын сұраған. Азамат Батанов ақша бермейтінін айтыпты. Орлов түнделетіп фермердің үйіне ақша мәселесін сөйлесу үшін барғанын айтты.
Қаза тапқан фермердің қызы әкесінің айыпталушыға берешегі жоқ екенін мәлімдеп, ең қатаң жаза тағайындауды сұрады.
Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соты Вадим Орловты 11 жылға, Виктор Торгашовті 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық