Жалақының ЖІӨ-дегі үлесі талап етілетін 50 пайыздың небәрі 30 пайызын құрайды- Әшімбаев
Фото: kazgazeta.kz
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Қазақстандағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің орындалуын бақылау жөніндегі парламенттік комиссия отырысында елімізде жалақының жалпы ішкі өнімдегі (ЖІӨ) үлесі талап етілетін 50 пайыздың небәрі 30 пайызын құрайтынын айтты.
«Қазақстанда жалақының жалпы ішкі өнімдегі үлесі небәрі 30 пайыз болады. ЭЫДҰ елдерінде бұл көрсеткіш 60%-ға жетеді, бірақ жалпы халықаралық тәжірибеде бұл көрсеткіш кем дегенде 50%-болуы керек деп есептелінеді», - деді Әшімбаев.
Оның айтуынша, елімізде гендерлік еңбекақы алшақтығы мәселесі де өзекті күйінде қалып отыр. Ерлер әйелдерге қарағанда орта есеппен 26,5%-ға көп жалақы алады, ал кейбір аймақтарда бұл алшақтық екі есеге жуық.
«Тұтастай алғанда, компания деңгейінде тұрақты дамуды басқаруда сұрақ көп. ESG принциптерін интеграциялау бойынша жетекші компаниялардың жартысында бұл салаға жауапты адамдар жоқ», - деді Әшімбаев.
Оның пікірінше, бұл тәсілдерді елемеу экономикаға, кәсіпорындардың беделі мен қаржылық тұрақтылығына және тұтастай алғанда елге көптеген тәуекел тудырады. Тұрақты даму саласын нығайтудың жаһандық үрдісі елдегі бизнестің жаңа талаптарға бейімделуін қажет етеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық