«Жалақымның қанша екенін білмеймін»: Серік Сәпиев Қарағанды облысына шенеунік болды
Фото: Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы
Қарағанды облысының жаңа дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиевтен Orda.kz тілшісі эксклюзивті сұхбат алды.
Серік Сәпиев — Олимпиада чемпионы, екі дүркін әлем және Азия чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері, бұрынғы мәжіліс мүшесі және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бұрынғы төрағасы.
Облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы қызметін төмендеу деп санамайсыз ба?
— Бұл менің өмірімдегі жаңа бет, жаңа бағыт. Себебі бұрын мен осылай өңірлерде жұмыс істеп көрмедім. Маған облыс спорт басқармасының басшысы болу ұсынылды. Ойландым да, келістім.
Құпия болмаса бұл қызметті кім ұсынғанын айта кетсеңіз?
— Туризм және спорт министрі.
Сіз мемлекеттік қызметте бұрын істедіңіз. Алайда сізге ұнамаған сияқты.
— Неге? Жоқ. Спорт комитетінің төрағасы болып үш жылдай жұмыс істегенім маған өте тиімді болды. Орталық мемлекеттік органның өз ерекшеліктері, өңірдің — өз ерекшеліктері бар. Онда министрге, үкіметке бағынса, мұнда — өңір басшысына бағынады. Бірақ қазір президент үкіметке спорт саласындағы басқару талабын бүкіл деңгейде қайта қалпына келтіруді тапсырды. Сондықтан біз де министрге бағынышты боламыз.
Туған жеріңізде жұмыс істеуді патриот болу деп санайсыз ба? Қандай жоспарларыңыз бар?
— Иә, мен туған өңіріме қуана-қуана қызметке келдім. Алдымда белгілі бір сынақтар бар. Себебі бізде спорттық жетістіктердің азайғаны байқалады. Алға ұмтылатын мақсат бар. Соңғы үш Олимпиада ойындарының нәтижелері бойынша бізде өзгерістер оң емес. Қатысушылар саны да, медальдар да азайды. Ал бізде бұған дейін чемпиондар болған еді. 1996 жылы Василий Жиров алтын медаль алды, басқа жылдары да Олимпиада жүлдегерлері болған — Серік Елеуов, Дмитрий Карпов, Геннадий Головкин және Максим Раков — дзюдодан алғаш әлем чемпионы атанды. Қарағандыдан соңғы Олимпиада медалін 2016 жылы Эльмира Сыздықова алды. Менің Қарағанды облысы Олимпиадада алтын медаль алса деген тілегім бар. «Шахтер» клубы алғаш рет премьер-лигаға шықпай қалды, бірақ сол кезде УЕФА Чемпиондар лигасының жеңімпазы «Селтикті» жеңген болатын. Әкім футбол клубын басқару тәсілдерін түбегейлі қайта қарауды тапсырды. Қалпына келтіреміз.
Олимпиада және Азия ойындары бағдарламасына кіретін спорт түрлеріне, сондай-ақ ұлттық спорт түрлеріне баса назар аудару қажет. Қазір спорт түрлерінің санын қысқарту туралы заң жобасы қаралып жатыр. Бізде шамамен 160 спорт түрі бар, оларды 100-ге дейін азайту жоспарланып жатыр. Басты назар Олимпиада спорт түрлеріне аударылады. Жалпы, спорт ұйымдарының жұмысын Азия, Олимпиада ойындарының нәтижелеріне қарай бағалайды. Әрине, біз бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір салтын насихаттауымыз қажет. Осы бағытта жұмыс істейміз. Менде нақты жоспарлар, идеялар, жобалар бар, оларды жүзеге асырғым келеді. Басты мақсатым — Қарағандыны спортқа бейім ету.
Жаңа қызметіңізді отбасыңыз қалай қабылдады?
— Отбасым бұл лауазымға қалыпты қарады. Қазір олар Астанада тұрады, қыздарым сол жерде оқиды, ал мен Қарағандыда жұмыс істеймін.
Сіздің балаларыңыз спортпен айналыса ма?
— Иә, олар көркем гимнастикамен және спорттық бимен айналысады.
Мәжілісте алған жалақыңызбен салыстырғанда қазіргі жалақыңыз қандай? Айырмашылық көп пе?
— Мен жалақыға қараған жоқпын. Шынымды айтсам, қазір де менің жалақым қанша екенін білмеймін. Мен негізінен жұмыс ерекшеліктеріне назар аудардым. Қарағанды — менің туған өлкем. Бұл жерге өз үлесімді қосқым келеді. Өзім туып-өскен, кәсіби спортшы ретінде қалыптасқан өңірімнің жетістіктеріне атсалысқым келеді. Алда көп жұмыс тұр, мен кез келген қиындыққа дайынмын. Қазір өңірді аралап, инфрақұрылыммен танысып, басқаруға тиісті мекемелердің жұмысын көруді жоспарлап отырмын. Қарағанды спортын дамытып қана қоймай, еліміздің спортын дамыту үшін жұмыс істеймін. Маған көрсеткен сенімі үшін алғысымды білдіремін. Тағы да айтамын, Сарыарқада спортты күшейту үшін жұмыс істейміз!
Сұхбат бергеніңіз үшін рахмет!
Жаңалықтар
- Украина мен АҚШ делегацияларының кездесуі ертең Майамиде өтеді
- Трамптың арнайы өкілі Иранмен қақтығысты реттеудің төрт шартын атады
- Атырауда автобус ішінде жасөспірім қыздар төбелесіп қалды
- Елімізде таңбаланбаған ЖИ-контент үшін айыппұл қарастырылатын болды
- Алыпсатарлар кесірінен теңге күрт құлдырауы мүмкін
- Атырауда бір отбасының жоғалуы: Наурыз бен Мейрамгүлді іздеу жұмыстары тоқтатылды
- Қысқы Олимпиаданы тікелей эфирден қайда көруге болады
- Оспадарсыз әлеуметтік сақтандыру: қайтыс болғандарды қабылдауға жазып, ер адамдарды әйелдерге арналған скринингтен өткізген
- Алматының тынысы тарылды: энергетика министрі ЖЭО-3-тің жұмысын сынады
- Шымкентте 17 жастағы қызды алып қашқан жігіт ұсталды
- Еліміздің шығысында -45 градусқа дейін суытады: 12 облыста дауылды ескерту жарияланды
- Маржан Арапбаеваны ұрып, шашынан сүйреген азаматтық күйеуі қамалды
- Гүлнәр Бажкенованы енді кім қорғамақ? Мұрат Адам лицензиясынан айырылды
- Алматы облысында автобустың әйнегін сындырған үш адам ұсталды
- Мұрат Адам адвокаттық лицензиясынан айырылды
- Дінмұхамед Қонаевтың туған қарындасы қайтыс болды
- «Қанды сейсеп көрсетіп, сүйінші сұраған»: Шымкентте 17 жастағы қызды алып қашып, зорлады деп мәлімдеді
- Солтүстік Қазақстанда аязда қалып, үсікке ұрынған зейнеткер көз жұмды
- Тоқаев банктер туралы жаңа заңға қол қойды: қандай өзгеріс болады
- Қырғызстанда өтетін Көшпенділер ойындарына қазақтың көкпары қосылды